Инженерлік талдаудағы аналитикалық және сандық әдістер
Сипаттама: Бұл пән қазіргі жағдайда көлік процесін зерттеу әдістерінің дамуының объективті заңдылықтары мен үрдістерін анықтаумен байланысты сұрақтар шеңберін қамтиды. Модельдеу әдістерінің жіктелуі қарастырылады, сондай-ақ экспериментті жоспарлау теориясының негіздерін зерттеу, аналитикалық және имитациялық модельдеу әдістерін пайдалана отырып экспериментті зерттеулерді өңдеу қарастырылған.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Жеткізу тізбектерін басқару
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Магистранттарға көлік жүйелерін болжау мен оның бәсекеге қабілеттілігін бағалау саласында зерттеулер жүргізу дағдылары мен ғылыми және кәсіби білім жүйесін қалыптастыру
Міндет
- Көлік жүйесінің тиімділігін арттырудың қолданбалы міндеттерін шешу үшін болжау әдістемесінің негізгі ережелері туралы түсінік қалыптастыру; магистранттармен көлік жүйелерін бағалаудың ұйымдастыру және әдістемелік негіздерін оқу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Магистрант болжаудың негізгі анықтамаларын, ережелерін, әдістерін, тәсілдерін және болжауды өткізу әдістемесін, болжауды ұйымдастыру нысандарын білуі керек
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Ғылыми және инженерлік-қолданбалы есептеулерді орындай алу, алынған нәтижелерді талдау, талдау нәтижелерін синтездеу негізінде қорытынды жасау, көлік үрдістерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- көлік жүйелерінің жағдайы туралы пайымдаулар тұжырымдау
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Қазіргі заманғы технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, кәсіби қызмет саласында ақпараттық технологияларды пайдалану шеберлігі
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Күнделікті кәсіби қызмет үшін қажетті және докторантурада оқуын жалғастыру үшін жаңа арнайы білім алу дағдыларын меңгеру