Жол қозғалысындағы зияткерлік көліктік жүйелер
Сипаттама: Жол жүрісіндегі интеллектуалдық көлік жүйелері ірі қалалардағы көше-жол кешенінің ажыратылмайтын бөлімі болып табылады. Қазіргі уақытта жол қозғалысының тиімділігін көтермелеу үлкен дәрежеде басқарудың барлық деңгейлерінде көлік және жаяу жүргіншілер ағынын сапалы басқару резервтерін ашу арқасында жүзеге асу керек.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Көліктегі басқару жүйесі
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Жол жүрісіндегі интеллектуалдық көлік жүйелерін ұйымдастыру және дамыту саласында негізгі түсініктер мен бағытты қалыптастыру, көлік үрдісін ұйымдастыру және басқаруда пайдаланылатын бар интелектуалды жүйелермен танысу пәнді оқытудың мақсаты болып табылады (ИКЖ).
Міндет
- «Жол жүрісіндегі интеллектуалдық көлік жүйелері» пәнін оқыту үрдісінде келесідей мақсаттар қойылады: - ИКЖ құрамының негізгі элементтерін оқу; - ИКЖ жүйесі мен құрылымын және олардың өзара әрекеттестігін оқу; - ИКЖ қолдану тәсілдерін оқу; - интеллектуалдық көлік жүйелерін қолдануда оңтайландыру өлшемдерін оқу; - интеллектуалдық көлік жүйелерін қолдану ортасын оқу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- ҚР көлік кешенін техникалық және технологиялық қамтамасыз етудің заманауи деңгейі; көлік қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді құқықтық және нормативтік-техникалық реттеудің қазіргі жай-күйін; қолданыстағы ақпараттандыру және көлік процесін автоматтандыру жүйелерін жетілдіру жөніндегі негізгі бағыттар мен қажетті шараларды айқындайды.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- белгіленген жылдамдықпен берілген мөлшерде көліктің қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету; міндетті түрде қозғалыс қауіпсіздігін, тасымалданатын жүктердің сақталуын, техникалық құралдарды жоғары тиімді пайдалануды сақтай отырып, жүк және жолаушылар тасымалдарының белгіленген көлемдерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында автоматтандырылған жүйелерді қолдану негізінде тасымалдау процесін басқару.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- ұлттық ЗКЖ құру қағидаттары туралы; ГЛОНАСС-Ұлттық зияткерлік көлік жүйесінің іргетасы ретінде.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- дербес, жеке жұмысқа дайындық, өзінің кәсіби құзыреті шеңберінде шешімдер қабылдау; ақпараттық технологияларды пайдалануға дайындық.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- ЗКЖ саласында теориялық және практикалық білім алу, ЗКЖ дамуының әлемдік үрдістерін білу негізінде кәсіби міндеттерді шешу және зерттеудің перспективалық әдістерін білу және қолдана білу.