Техникалық жүйелердің сенімділігі, өміршеңдігі және қауіпсіздігі

Даумова Гульжан Камалбеккызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Техникалық жүйелердің ерекшелігін ескере отырып, олардың сенімділігі, өміршеңдігі және қауіпсіздігі теориясы ұғымдарын қалыптастыру, еңбек жағдайлары мен қоршаған ортаны қорғау мониторингі, қауіпті өндірістік объектілердің және қоршаған ортаны қорғаудың техникалық қатерін бағалау, қатерді талдау әдіснамасын игеру, техникалық жүйелердің сенімділігін, өміршеңдігін, қауіпсіздігін бағалау әдістерін және олардың жұмыс қабілеттілігін сақтауды оқып үйрену.

Кредиттер саны: 6

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Техникалық жүйелердің қауіпсіздігін, өміршеңдігін және сенімділігін бағалау әдістерін меңгеру.
Міндет
  • Білімдерді алу: - техникалық жүйелер мен техногенді тәуекелдің сенімділік ұғымы; - техникалық жүйелердің қауіпсіздік және өміршеңдігі ұғымы; - техногенді қауіп-қатерді бағалау және талдаудың әдістемесі; - қауіп-қатерді бағалаудың негізгі сапалы және сандық әдістері.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Білу қажет: Машиналар мен құрылғылардың сенімділік қағидасы. Істен шығулар, бүлінулер мен сенімділіктің математикалық моделдері, сенімділік көрсеткіштері. Машиналар мен қондырғылардың жобалау шарттарына сенімділік қағидасын қолдану және істен шығуларының санын математикалық болжау. Өміршеңдік қағидасы. Зақымдалулардың жинақталу моделдері. Тозудан болатын бұзылулардың механикасы.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Алған білімдері мен дағдыларын кәсіби қызмет, ғылыми зерттеулер, шешім қабылдауды жүргізу кезінде тәжірибе жүзінде қолдана білуі.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Сенімділіктің негізгі көрсеткіштері; сенімділікке сынақ жүргізу және сенімділік көрсеткіштерін болжау; сенімділік туралы мәліметтерді өңдеуді дайындау және жинақтау; техникалық жүйелердің қауіпсіздігін, өміршеңдігін және сенімділігін жоғарылатудың техникалық-экономикалық тиімділігі туралы білімді алу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Техникалық жүйелердегі компоненттердің өзара әсерінің себептерін жою, бағалау және болжау қабілетіне ие болу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Дағдылары: - техникалық объектілердің сенімділігінің негізгі параметрлері мен қасиеттерінің есебін және бағалауды жүргізе білу; - техникалық жүйелердің сенімділігінің құрылымды сұлбаларын және олардың есебін жүргізе білу; - сенімділікті жоғарылатудың негізгі әдістерін тұжырымдау; - техникалық жүйелердің қауіпсіздігін және өміршеңдігін бағалауды орындай білу.