Еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етудің техникалық құралдары
Сипаттама: Пән еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін, жұмыс орындарында зиянды және қауіпті факторлардың әсерінен қорғану құралдарын, механикалық жарақаттанудан қорғану, технологиялық жабдықтарды жарылыстан қорғау, өнеркәсіптік роботтарды пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, электр тогының әсері, жылу және иондаушы сәулеленуден, электромагниттік өрістен қорғану, діріл мен шудан қорғанудың техникалық құралдары, сондай-ақ гидросфера мен атмосфераны қорғау құралдарын қарастырады.
Кредиттер саны: 5
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Заманауи техникалық құралдарды пайдалана отырып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау бойынша жоғары білім мен дағдыға ие маман даярлау
Міндет
- Техникалық жүйелердің қауіптілік дәрежесін талдау
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау негіздері
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- өндірістік ортаның қауіпсіздік шарттарын бағалау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- өндірістің зиянды факторлардан қорғаудың тиімді техникалық құралдарын пайдалану
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- техникалық жүйелердің жарақат алу қаупін азайтудың тиісті құралдарын қолдану
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау шарттары бойынша техносфераны жобалау әдістерін меңгеру