Пайдалы қазбалар кенорындарын игеру кезінде ресурстарды жинау технологиясы
Сипаттама: Берілген курс Қазақстанның тау-кен саласы, Қазақстан Республикасының металлургиялық кешенінің инновациялық дамуы және де қазіргі кезеңдегі тау-кен ғылымы мен тау-кен өндіру саласының проблемаларын шешудің өзекті басым бағыттары сияқты негізгі бөлімдерден тұрады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Тау-кен ісіндегі қазіргі заманға сай мәселелер
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Магистранттардың кенді кенорындарын игерудің ресурсты жинау технологиясы туралы толық білім алу
Міндет
- Полиметалды кенорындарын игеру кезінде кен қорларын алудың қазіргі заманға сай технологиялары және жер қойнауын тиімді қолдану туралы ақпараттарды беру тиіс
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Кенді кенорындарын игерудің негізгі ресурсты жинау технологиясы туралы толық білім алу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Өндірістік мәселелерді шешу қабілетін түсіну, білу, жобаның жаңартпашылық потенциалын бағалай алу, жаңартпашылық қауіп қатерді анықтай алу керек, техникалық құжаттарды, әдістемелік және нормативті құжаттарды жасау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Ғылыми-зерттеу қызметіне дағдылану: өндірістік және зерттеу жұмыстарында пайда болатын мәселелі сұрақтарды уақытында айқындау, оларды шешудің тиімді жолдарын анықтау
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Тау-кен ісін дамытудағы ақпараттың мәні мен маңызын түсіне алу, ақпаратты қайта өңдеу, сақтау, алу құралдары мен әдістері және негізгі әдістемелерін білу, қазіргі заманға сай ақпараттық технологиялар мен техникалық жабдықтарды қолдану арқылы коммуникативті мәселелерді шешу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Өз бетімен оқу және кәсіби қызметтің барлық кезеңінде біліктілікті жоғарлату, ғылыми, техникалық және әлеуметтік құзырлыққа ие болу, халықаралық және мәдениаралық өзарақатынас тәжірбие алу