Тасымалдау кешендерінің машиналары мен жабдықтары
Сипаттама: Пән көлік құралдарының жұмыс жағдайларын, жүк ағындары мен жүк айналымы ұғымдарын, көліктің негізгі буындарын; жабдықтардың өлшемдік қатарларын; көлік қондырғыларының теориясы мен есептеуінің жалпы мәселелерін зерттеуді қамтиды. Пәнде өздігінен жүретін көлік құралдары; тасымалдау машиналары; тиеу және тиеу-тасымалдау машиналары және көліктің арнайы жабдықтарын қарастырылады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Жаңа техниканы ғылыми зерттеулердің негіздері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- 1. . Студенттердің пайдалы қазбаларды шұңқырлы немесе дайындау өндірулерінен оқпан албарының алаңшасына дейін тасымалдауға арналған машиналар мен механизмдер аумағында жүйелі ғылыми және кәсіптік білім алуын және машықтануын қалыптастыру.
Міндет
- 1. студенттерге тасымалдау машиналары және жабдықтары облысында теориялық негіз қалыптастыру; - қолданыстағы тасымалдау машиналары түрлерінің құрылымдары туралы және олардың техника-экономикалық сипаттамалары туралы білім алу; - машиналардың өнімділігін есептеуді білу және оларды таңдағанда осы технологиялық үдеріске және осы тау-кен техникалық жағдайына дәл келетінін дәлелдей білу; - кинематикалық сұлбаларды талдау және тасымалдау машиналарының ерекшеліктері бойынша, тау-кен жұмыстарын механикаландыруға арналған негізгі және қосымша жабдықтарды пайдалану бойынша машықтану.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- 1. Білу және түсіну: - тасымалдау машиналары саласында қағидалы негіздерді; - тасымалдау машиналарының бар үлгілерінің конструкцияларын және олардың техника-экономикалық мінездемелерін; - машинаның өнімділігін анықтау және оның айтылмыш технологиялық үдеріске және тау кен техникалық жағдайға сай таңдау және негіздеу; - тасымалдау машинасының кинематикалық сұлбасын және ерекшеліктерін, - тау-кен жұмысының механикаландыруға арналған негізгі және қосалқы жабдықты пайдалануды.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- 1. тасымалдау машиналарының құрылымын және анықтамаларын түсіну, олардың ерекшеліктері және есептеу тәртібі туралы білімін таңдағанда және жобалағанда пайдалану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- 1. тасымалдау машиналарын жасау және сипаттау саласына қажет білімді, мәліметтер мен ақпаратты жинақтау және өңдеу пайымдауларын қалыптастыру; жабдық жұмысының тиімді көрсеткіштерін негіздеу, есептеу және таңдау пайымдауларын қалыптастыру және де машиналар мен жабдықтарды жаңғырту немесе жетілдіру кезінде пайымдауларды қолдану.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- 1. Коммуникация: тасымалдау машиналарының бар үлгілерін пайдалану және жаңа конструкцияларын жасау мәселелері бойынша өзінің тұжырымдарын мамандарға және бұл саланың маманы емес адамдарға ашық және қайшылықсыз жеткізу және ол тұжырымдарды қалыптастыруға алған білімдерін және тәжірибесін пайдалану
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- 1. Білімнің дағдылары: Пайдалы қазбаларды өндіру саласында тасымалдау машиналарын пайдалана білу, тау-кен өндірісінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін жабдықтарды және машиналардың көрсеткіштерін таңдай білу.