Биомедициналық инженерияның заманауи мәселелері
Сипаттама: Бұл курс биомедициналық инженерияның заманауи мәселелерімен және ең перспективалы бағыттарымен таныстырады. Атап айтқанда, медицинада нанотехнологияларды қолдану, медициналық роботтардың алуан түрі, заманауи рентген аппаратурасы, телемедицина, адамның физиологиялық көрсеткіштерін контактісіз тіркеу жүйелері қарастырылған.
Кредиттер саны: 5
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | |
| Зертханалық жұмыстар | 30 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | ауызша емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- қазіргі заманғы проблемалар, оларды шешу әдістері және биомедициналық инженерияның негізгі бағыттарының даму перспективалары туралы теориялық білімдер, сонымен қатар биомедициналық инженерия саласындағы тұрақты тенденцияларды анықтау бойынша практикалық дағдыларды алу.
Міндет
- биомедициналық технологиялар мен жүйелердің дамуының негізгі тенденциялары туралы түсінік қалыптастыру;
- биомедициналық инженерия мәселелері туралы түсініктерді қалыптастыру;
- биомедициналық инженерияның даму тенденциялары мен ғылым мен техниканың басқа салаларындағы жетістіктер арасындағы байланыстар туралы түсінікті дамыту;
- ғылыми зерттеу нәтижелерін түсіндіру және ұсыну дағдыларын дамыту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- биомедициналық инженериядағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің негізгі мәселелері мен даму бағыттарын сипаттау;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- биомедициналық технологиялар мен жүйелерді дамытудың перспективалық бағыттарын инженерлік енгізу бойынша міндеттерді тұжырымдау;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- биотехникалық жүйелер мен технологиялардың пәндік саласындағы мәселелердің ағымдағы жағдайын талдау;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- ғылыми зерттеу нәтижелерін түсіндіру және ұсыну;
- инновациялық биотехникалық жүйелер мен технологияларды құру және біріктіру процестерін ұйымдастыруға;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- алған білімдері мен дағдыларын ғылыми-зерттеу қызметінде қолдану;
- медициналық құрылғылармен және аппараттармен жұмыс істеу қабілеті мен дайындығы.