Жол құрылысының өндірістік кәсіпорындары
Сипаттама: Пән білім алушылардың жол-құрылыс материалдарын өндіру саласындағы құзыреттіліктерін игеру деңгейін қалыптастырады. Ол үшін оқу бағдарламасында жол құрылысы жүйесінде өндірістік кәсіпорындардың мақсатын, жіктелуін және орналасуын зерттеуге қатысты мәселелер кешені көзделеді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Транспорт ғимараттары құрылысының технологиясы
- Топырақ механикасы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 75 |
| СӨЖ | 30 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | естихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- «Жол құрылысының өндірістік кәсіпорындары» пәнінің негізгі максаты жолды салу және пайдалану кезіндегі қажетті жол-құрылыс материалдарын дайындайтын өндірістік кәсіпорындары жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру шараларын дамыту тәсілдері мен принциптерін жеткізу. Пәннің негізгі бөлімі болып автомобиль жолын салуға және пайдалануда қажетті жол-құрылыс материалдарын зерттеу және оларды дайындау туралы деректерді беру саналынады. Пәнді оқыту кезінде студент жол-құрылыс материалдарын дайындайтын өндірістік кәсіпорындар жұмыстарын теориялық жағынан түсініп, оны практикада қолдана білу.
Міндет
- Пәнді оқу міндеттері: жол саласының жекелеген өндірістік базасының технологиялық және техникалық шешімдерін әзірлеу бойынша есептеулерде теориялық негіздерді қолдана білу; жол шаруашылығы өндірістік кәсіпорындарының инновациялық әлеуетін бағалау; жол саласында шығарылатын өнімнің сапасын бақылау және басқару дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Енгізілетін жаңа жабдықты игеру, жол құрылысы кәсіпорындарының қолданыстағы технологиялық жабдықтарының техникалық жай-күйі мен қалдық ресурстарын тексеру қабілеті.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Теориядан алынған материалдар алу әдістері мен тәсілдерін тәжірибеде қолдана білу қабілеттілігі, өзінің білетін жақтары мен кемшіліктерін дұрыс бағалай білу, сынақтар жүргізуді және сынақтар нәтижелерін өңдей білу, қолданылатын жол-құрылыс материалдарының физико-механикалық қасиеттерін анықтау тәсілдерін білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Жобалық шешімдердің техникалық-экономикалық негіздемесін жүргізе білу, жол құрылысының өндірістік кәсіпорындарының жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ұйымдастыру-жоспарлы есептерді орындай білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- жол құрылысы өндірістік кәсіпоындарында материалдар дайындаудың дәстүрлі тәсілдерін қолдануды, жұмыстарға жобалық және техникалық құжаттар толтыруды білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Отандық және шетелдік тәжірибелерге, ғылыми техникалық ақпараттарға негізделген тәсілдерді қолдана отыра инновациялық жобаларға қатысу қабілеттілігінің болуы