Топырақ механикасы
Сипаттама: Деформацияланатын денелер механикасының құрамдас бөлігі болып табылады, ол топырақ массивтерінің кернеуін және деформациясын зерттейді. Топырақтың беріктігі мен деформациясы, қолдаушы имараттарға топырақ қысымы, еңістер мен беткейлердің орнықтылығы мәселелерін шешеді, топырақта болып жатқан процестерді зерделейді және болашақта алқаптар топырақтарының мінез-құлқын болжайды.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Математика 2
- Инженерлік геодезия
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | 15 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәннің негізгі мақсаты инженерлі геология төңірегіндегі инженерлі – құрылыс жұмыстарын теориялық және практикалық негізін білу, топырақ механикасының негізі, топырақтың ыдырау теориясы, іргетас құрылысы және жерасты құрылысы.
Міндет
- Пәннің тапсырмасы практикалық сұрақтардың шешілуін геологиялық жағдайда талдау жасау болып табылады және ғимаратты құрылыс негізін таңдау және негізгі материалдар құрамы топырақ механикасын шешу және іргетас құрылысы.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Заманауи қоғамы дамуындағы техникалық ақпараттың мәні мен бардығы ұғымын көрсету, ақпаратты қайта өндеу, сақтау, алу негізгі құралдары, тәсілдері мен әдістерін игеру; коммуникативтік есептерді шешуде заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды пайдалану.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Тапсырылған тәсілдері бойынша нәтижелерді өндеу және талдау эксперименттерін жасай білу, қолданатын материалдары мен дайын заттарының технологиялық көрсеткіштері мен физикалық-механикалық сипаттамаларын анықтауда стандартты зерттеулері тәсілдерін пайдалану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Заманауи өндірістегі жол саласының автомобиль жолдарын жобалау, салу және пайдаланудағы маңызды мамандықтар сипаттамасына қойылатын талаптары.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Құрылыс құрылғылары түйіндері мен элементтері есептерінің стандарттық тәсілдерін пайдалана білу, автоматтандырылған жоба құралдарын пайдаланып та стандарттарға,техникалық жағдайлары мен басқа мөлшерлемелік құжаттарға сәйкес жобалау және технологиялық құжаттарды өндеу және жобалау-құрылғылау жұмыстарын орындау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Негізгі ғылыми-техникалық проблемалардың жай-күйі, кәсіптік оқытуды дамытудың перспективалары мен өзара байланысы, сондай-ақ кәсіби қызметтің аралас салалары туралы түсінікке ие болу. Кәсіби ортада және жалпы қоғамда, оның ішінде шет тілінде коммуникацияларды жүзеге асыру; қолданыстағы техникалық құжаттаманы талдау және дербес әзірлеу; құрылыс-монтаж кешені кәсіпорындарында және салалық ғылыми ұйымдарда кешенді инженерлік қызметтің нәтижелерін нақты баяндау және қорғау.