Инженерлік механика және материалдар кедергісі
Сипаттама: Берілген курста статиканың негізгі ұстанымдары қарастырылады, статикалық анықталатын жүйелерді созылу мен сығылуда, беріктік пен қатаңдыққа есептеулер жүргізіледі, геометриялық сипаттамалар, ығысу, түзу сырықтардың иілуі, құрылым элементтердің тұрақтылығы.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Математика 2
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- «Инженерлік механика және материалдар кедергісі» пәнің игерудің мақсаты – жаратылыстану және инженерлік механика саласындағы іргелі білімі бар мамандарды инженерлік және құрылыс саласындағы жұмыс үшін дайындау.
Міндет
- Пәнді оқутыдың міндеттері: - табиғатта және технологияда математикалық модельдер құру дағдыларын игеру және табылған шешімдерге аналитикалық талдау жасау; - ғимараттар мен құрылыстардың элементтерін беріктікке, қатаңдылыққа және орнықтылыққа есептеу; - құрылымдық материалдардың механикалық қасиеттерін зерттеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Инженерлік қызметтің теориялық негіздерінің жағдайы мен даму перспективалары, осы пәннің инженерлік практикадағы маңызы.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Бұралу кезінде иілуді есептеудің әдістері, құрылымдық элементтердегі ішкі күштерді, кернеулер, деформациялар мен орын ауыстыруларды анықтайтын мысалдарды қолдана отырып, статикалық анықталмаған есептерді есептеу әдістері.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Әр оқушыдан өз мамандығы бойынша қалыптасқан пікірі болуы қажет.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Сөйлесулер жүргізіп - кез-келген тілде диалог құрып, сөйлеу этикетінің ережелерін қолдану.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Нақты өндірістік жағдайда технологиялар мен бұйымдар мен конструкциялар материалдарының қасиеттерін оңтайландыру бағыттарын таңдау қағидаттарын қалыптастыру.