Геотехника

Булатова Азиза Ренатовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Тау жыныстарының құрылымы, қасиеттері, табиғи геологиялық процестер және инженерлік-геологиялық жағдайлардың өзгергіштігі туралы негізгі мәліметтерді зерттейді. Тау жыныстарын құрайтын минералдар; магмалық, шөгінді және метаморфты тау жыныстары; жер асты сулары. Топырақ механикасының негізгі заңдылықтары, топырақтағы кернеуді анықтау әдістері, шекті кернеулі күй теориясы және оны қолдану, топырақтың деформациясы және олардың уақыт бойынша өзгеруі.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Геодезия
  • Жол құрылысының өндірістік кәсіпорындары

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 75
СӨЖ 30
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихана

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пәннің негізгі мақсаты инженерлі геология төңірегіндегі инженерлі – құрылыс жұмыстарын теориялық және практикалық негізін білу, топырақ механикасының негізі, топырақтың ыдырау теориясы, іргетас құрылысы және жерасты құрылысы.
Міндет
  • Пәннің тапсырмасы практикалық сұрақтардың шешілуін геологиялық жағдайда талдау жасау болып табылады және ғимаратты құрылыс негізін таңдау және негізгі материалдар құрамы топырақ механикасын шешу және іргетас құрылысы.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Заманауи қоғамы дамуындағы техникалық ақпараттың мәні мен бардығы ұғымын көрсету, ақпаратты қайта өндеу, сақтау, алу негізгі құралдары, тәсілдері мен әдістерін игеру; коммуникативтік есептерді шешуде заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды пайдалану.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Тапсырылған тәсілдері бойынша нәтижелерді өндеу және талдау эксперименттерін жасай білу, қолданатын материалдары мен дайын заттарының технологиялық көрсеткіштері мен физикалық-механикалық сипаттамаларын анықтауда стандартты зерттеулері тәсілдерін пайдалану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Заманауи өндірістегі жол саласының автомобиль жолдарын жобалау, салу және пайдаланудағы маңызды мамандықтар сипаттамасына қойылатын талаптары.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Құрылыс құрылғылары түйіндері мен элементтері есептерінің стандарттық тәсілдерін пайдалана білу, автоматтандырылған жоба құралдарын пайдаланып та стандарттарға,техникалық жағдайлары мен басқа мөлшерлемелік құжаттарға сәйкес жобалау және технологиялық құжаттарды өндеу және жобалау-құрылғылау жұмыстарын орындау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Негізгі ғылыми-техникалық проблемалардың жай-күйі, кәсіптік оқытуды дамытудың перспективалары мен өзара байланысы, сондай-ақ кәсіби қызметтің аралас салалары туралы түсінікке ие болу. Кәсіби ортада және жалпы қоғамда, оның ішінде шет тілінде коммуникацияларды жүзеге асыру; қолданыстағы техникалық құжаттаманы талдау және дербес әзірлеу; құрылыс-монтаж кешені кәсіпорындарында және салалық ғылыми ұйымдарда кешенді инженерлік қызметтің нәтижелерін нақты баяндау және қорғау.
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - Пәнді оқыту үшін дәстүрлі технологиялар қарастырылған: аудиториялық сабақтар және студенттердің өзіндік жұмысы. Дәріс курсы мультимедиялық түрде ұсынылған. Дәрістік материалды баяндау кезінде дәрістің басында және соңында уәждемелік сөйлеу қолданылады. Дәріс-презентацияда мәтіндік, аудио және видеоинформация, графиктер, кестелер және т. б. қолданылады. Зертханалық сабақтар жол-құрылыс материалдарын дайындау және сынау үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған зертханаларда өткізіледі. Өзіндік жұмыс үшін студенттерге оқу үшін тақырыптар ұсынылады.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Кесу сақинасы арқылы топырақтың тығыздығын анықтау. 0-100
Топырақтың табиғи ылғалдылығын анықтау.
2  рейтинг Топырақтың физикалық сипаттамаларын анықтау 0-100
Құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық жағдайларын бағалау.
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Дәрістер Студент: курстың барлық теориялық материалын толық меңгерген; негізгі ұғымдарды, заңдарды және іргетастарды есептеу әдістерін еркін түсіндіреді; нормативтік құжаттарды (ҚНжЕ, СП, ГОСТ) меңгерген; теорияны тәжірибеде қолдануға мысалдар келтіреді; күрделі инженерлік жағдайларды талдап, шешімдер ұсына алады. Студент: курстың негізгі мазмұнын біледі; негізгі терминдер мен есептеу әдістерін түсінеді және түсіндіреді; анықтамаларда немесе нормативтерді қолдануда ұсақ қателіктер жібереді; типтік есептерді елеулі қателіктерсіз шығара алады. Студент: курстың негізгі тақырыптарын меңгерген, бірақ білімдері үстірт; ұғымдарды нақты анықтауда қиналады; есептерді оқытушы көмегімен немесе қосымша материалдардың көмегімен орындайды; формулаларды және нормативтерді қолдануда қателіктер жібереді, бірақ жалпы принципін түсінеді. Студент: материалдың басым бөлігін меңгермеген; негізгі ұғымдар мен әдістерді түсіндіре алмайды; нормативтік базаны білмейді; типтік есептерді де шығара алмайды.
Тәжірибе Студент: барлық есептерді дұрыс және толық орындайды (топырақтың көтергіш қабілеті, іргетастың шөгуі, қадаларды есептеу және т.б.); есептік сызбаларды, сызбаларды, түсіндірмелерді сауатты рәсімдейді; есептеу әдісін өз бетінше таңдап, оны негіздей алады; заманауи бағдарламалық кешендерді немесе нормативтерді қолдануды біледі. Студент: практикалық тапсырмаларды негізінен дұрыс орындайды; есептеулерде немесе рәсімдеуде ұсақ қателіктер жібереді, бірақ әдістемені түсінеді; типтік есептерді елеулі қателіктерсіз шығарады. Студент: тапсырмаларды айтарлықтай кемшіліктермен орындайды; есептердің бір бөлігі дұрыс емес немесе оқытушы түзетуді қажет етеді; рәсімдеу толық емес немесе талаптарға сай келмейді; тек ең қарапайым есептерді оқытушы көмегімен шығара алады. Студент: негізгі есептерді орындамайды немесе қате орындайды; сызбалармен, схемалармен және нормативтермен жұмыс істей алмайды; әдістемені түсінбейді және өз әрекетін түсіндіре алмайды; практикалық жұмыс жоқ немесе формалды түрде орындалған.
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Топырақ механикасы негіздері
  • Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
  • Деформациялар түрлері; Тұтас бір-келкі реттелген салмақ әсерінен пайда болған топырақ қабатындағы отыру/шөгу/;
  • Топырақ ісінуі; Негіздегі топырақ қасиеттерін жақсарту
  • Жол-климаттық аймақтар
  • Ерекше топырақтардың негізгі физикалық-механикалық қассиеттері
  • Ерекше топырақтардың негізгі физикалық-механикалық қассиеттері
  • Ерекше топырақтардың негізгі физикалық-механикалық қассиеттері
  • Топырақтың негізгі физикалық сипаттамалары
  • Іргетастар мен негіздердің жіктемелері, негізгі ұғымдар
  • Шамасы шектелген жағдай топтары
  • Іргетастар мен негіздер
  • Түсіру құдықтары
  • Қадалық іргетастар
  • Іргетас негіздерінің соңғы деформацияларын есептеу
Негізгі әдебиет
  • 1. Ильичев В., Мангушев Р.,(ред.) Справочник геотехника. Основания и фундаменты и подземные сооружения. 2018 г., Изд., Ассоциация строительных вузов. 1034 с. 2. Абуханов А.З. Механика грунтов. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений., М., 2016.- 334 с. 3.Смоляницкий, Леонид Некоторые вопросы геотехники / Леонид Смоляницкий. - М.: LAP Lambert Academic Publishing, 2013. - 112 c.
Қосымша әдебиеттер
  • 4. Адиков М.Т., Исаханов Е.А. Методические указания по проведению инженерно – геологической практики. – Алматы: КазАТК, 2005. 5. Далматов Б.И., Бронин В.Н., Карлов В.Д. и др. Основания и фундаменты. Ч.2. Основы геотехники. – М.: АСВ, 2002. – 392 с. 6. Ухов С.Б., Семенов В.В., Знаменский В.В. и др. Механика грунтов, основания и фундаменты. – М.: Высшая школа, 2002. – 566 с. 7. Цытович Н.А. Механика грунтов. – М.: Издательство АСВ, 1983. – 288 с. 8. Ананьев В.П., Передельский Л.В. Инженерная геология и гидрогеология. – М.: Высшая школа, 1980. – 271 с. 9. Пешковский А.М., Перескокова Т.М. Инженерная геология. – М.: Высшая школа, 1980. – 271 с. 10. Далматов Б.И., Бронин В.Н., Карлов В.Д. и др. Механика грунтов.Ч.1 Основы геотехники в строительстве. – М.: АСВ, 2000. – 204 с. 11. Исаханов Е.А., Хомяков В.А., Исмагулов И.К. Методические указания к выполнению лабораторных работ по механике грунтов. – Алма – Ата: АлИИТ, 1988. 12. Исаханов Е.А., Хомяков В.А., Исмагулов И.К. Проектирование фундаментов опор железнодорожных мостов: Методические указания. – Алма – Ата: АлИИТ, 1997. 13. исаханов Е.А., Джалаиров А.К. Проектирование фундаментов опор мостов: - Алматы: АлИИТ, 1997. 14. Маслов Н.Н. Основы инженерной геологии и механики грунтов. – М.: Высшая школа, 1983. -246 с. 15. Строительные нормы и правила: Основания зданий и сооружений: СНиП РК 5.01.01 – 2002. – Астана, 2002. – 83 с. 16. Межгосударственный свод правил по проектированию и строительству: Проектирование и устройство оснований и фундаментов зданий и сооружений: МСП 5.01 – 102 – 2002. – Астана, 2005. -106 с. 17. Исаханов Е.А., Мусаев Т.С. Механика грунтов: Учебное пособие. – Алматы: Анна тілі, 1996. -120 с. 18. Добров Э.М. Инженерная геология: Учебное пособие. –М.: Из. Центр «Академия», 2008. – 224 с.