Автожолдарын пайдалану

Болатқызы Әсем

Оқытушының портфолиосы

Алимгазин Бакытбек Токенович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән жолдардың көліктік-экспулатациялық жай-күйін және автомобиль қозғалысының шарттарын (жағдайын), жол мен автомобильдің байланысын, қоршаған ортаның жолға, автомобиль қозғалысына әсерін, автомобиль жолдарындағы ақаулар мен бұзылуларды қарастырады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Математика 2

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 75
СӨЖ 30
курстық жоба
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Бақылау мәселелері бойынша әңгімелесу.

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • «Автомобиль жолдарын пайдалану» пәнін оқытудың мақсаты – студенттерді автомобиль жолдарын пайдалану және автомобиль жолдарындағы қозғалысты ұйымдастыру саласындағы кәсіби дайындықты қалыптастыру. Автомобиль жолдарын пайдаланудың, жолдарды күтіп ұстау және жөндеу технологиясы мен уйымдастырудың теориялық негіздерін білу, жолдардың көліктік-эксплуатациялық жағдайын бағалау дағдыларын уйрену (іс жүзінде).
Міндет
  • Пәннің міндеттері:  жолды күту және жөндеудің теориялық негіздерін оқыту;  жолды күту және жөндеудің негізгі әдістер мен технологиясын қолдануды уйрену және тәжірибе жинау;  жолды күту және жөндеуге қажетті материалдар мен механизмдерді, жол қозғалысының қауіпсіздігіне арналған шаралармен танысу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Іске қосылатын жаңа жабдықты игеру, қолданыстағы технологиялық жабдықтар мен құрылыс-монтаж объектілері конструкцияларының техникалық жай-күйі мен қалдық ресурстарын тексеру, қажет болған жағдайда кәсіпорынның өндірістік учаскелерінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз ету қабілеті.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Пәнді оқу кезінде алған теориялық білімді кәсіби қызметте қолдану білу;  өндірістік жағдайларда ұйымдастыру-баскару шешімдерін табу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Жобалық шешімдердің техникалық-экономикалық негіздемесін жүргізе білу, өндірістік учаскелерді құру немесе қайта құру бойынша ұйымдастыру-жоспарлы есептерді орындау, қызметкерлердің және еңбекақы төлеу қорларының жұмысын жоспарлау, технологиялық жабдықтарды пайдаланудың прогрессивті әдістерін қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Топпен жұмыс істеу үшін коммуникативтік қабілеттерді дамыту;  ғылым мен техниканың инновациялық жетілген бағытын таңдау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Отандық және шетелдік тәжірибелерге, ғылыми техникалық ақпараттарға негізделген тәсілдерді қолдана отыра инновациялық жобаларға қатысу қабілеттілігінің болуы