Қаржылық талдаудың техникасы
Сипаттама: "Қаржылық талдау техникасы" пәні қаржылық талдау туралы кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін зерттеу әдістері туралы білім жүйесі ретінде түсінік береді. Кәсіпорынның қаржылық сауығуына бағытталған шешімдерді негіздеу үшін талдау барысында алынған нәтижелерді пайдалану саласындағы құзыреттерді әзірлеуге ықпал етеді
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Статистика
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Кәсіпорын қызметіне қаржылық талдау жасаудың қазіргі заманғы әдістерін меңгеру, қаржылық тұрақтылықты, төлем қабілетін және несиені қайтару қабілетін анықтау мен талдаудың әдістерімен танысу
Міндет
- «Қаржылық талдаудың техникасы» пәні студенттерге қаржылық талдаудың әдістері, ақпараттық негізі және әдістемелік негізі туралы кәсіптік білімдерін қалыптастыруға ықпал етеді, кәсіпорындардың қаржылық жағдайын жақсарту жөніндегі шараларды негіздеп, оны жасауға қаржылық есеп-қисапты сараптау кезіндегі тәжірибелік есептерді орындауға бейімдейді
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Қаржылық талдаудың пәнін, әдістерін және түрлерін білу
- Қаржылық талдаудың түрлерін және оның ақпараттық базасын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Қаржылық талдау бойынша тәжірибелік есептеулерді жасауды үйрену, соның ішінде баланс өтімділігін талдау, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, қаржылық тұрақтылығын, несиеге қабілеттілігін, іскерлік белсенділігін және т.б. талдау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Қаржылық талдау барысында алынған нәтижелерді экономикалық тұрғыдан бағалап, оларды кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайын жақсартуға материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды жасау үшін пайдалана білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Бекітілген нысандар бойынша есептемелерді дайындау және талдау. Топта жұмыс істеуге қабілетті, өз ой топшылауын сауатты дәлелдей алады, жаңа шешімдер ұсынады, келісім таба алады, өз ойын коллектив ойымен салмақтайды
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білімдер алу машығын алады және білімін магистратурада жалғастырады. Кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылады