Қазақ (орыс) тілі

Жаксылыкова Бейбитгуль Сейткасымовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс көлемінде студенттер қазақ тілінің грамматикасын толық меңгеріп, тілдік дағдыларды байытады. Мамандық бойынша лексикалық және терминологиялық минимумды меңгереді. Жеке шағын стильдерге тән коммуникативтік құралдарды дамытады; оқу және тыңдау дағдысы мен іскерлігін дамытады, түрлі ғылыми мәтіндерді, сөзжасам үлгілерін жасауға баулу.

Кредиттер саны: 10

Пререквизиты:

  • Қазақ (орыс) тілі
  • Қазақ (орыс) тілі. Мектеп курсы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер
Практикалық жұмыстар 45
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
реферат
Қорытынды бақылау нысаны реферат
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жазбаша емтихан

Компонент: Міндетті компонент

Цикл: Жалпы білімдік пәндер

Мақсат
  • B1 біліктілік деңгейіне сәйкес сөйлеу әрекетінің барлық түрлері бойынша коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру арқылы әлеуметтік, мәдениетаралық, кәсіби және қарым-қатынас құралы ретінде қазақ ұлттық мәдениеті тұрғысынан қазақ тілін сапалы меңгеруді қамтамасыз ету
Міндет
  • -Рухани жаңғырудың жалпыұлттық идеясы шеңберінде студенттердің әлеуметтік- гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған жалпы білім беру пәні; - Болашақ маманның ұлттық сана мен мәдени код негізіндегі танымын қалыптастыра отырып, әлемдік деңгейдегі білімді меңгеруде тілдің дәнекер болып табылатынына көз жеткізу, еліміздің дамуы жолында еңбек ететін маманның мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, ұлттық жаңғыруды қамтамасыз етуге қабілетті мамандарды даярлауда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • - лексика, білімнің грамматикалық жүйесін және ниеттердің прагматикалық мазмұнын толық түсіну негізінде тілдік және сөйлеу құралдарын дұрыс таңдау және пайдалану;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • - мәтіннің нақты мазмұнын жеткізу, қорытынды жасай білу, бүкіл мәтінді және оның жеке құрылымдық бөліктерін қорытып сипаттау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • -мәтіндік ақпаратты түсіндіру, әлеуметтік-мәдени, қоғамдық-саяси, оқу-кәсіби мәтіндердің әлеуметтік-тұрмыстық, стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ашу,
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • - қарым-қатынас жағдайына сәйкес ақпаратты сұрата және хабарлай білу, сөйлеу қарым-қатынасына қатысушылардың іс-әрекеттерін бағалай білу, таныс немесе бейтаныс әңгімелесуші адамға әсер ету үшін ақпаратты пайдалану; - тілдік және мәдени қарым-қатынас ерекшеліктеріне сәйкес тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби құзыреттіліктер таныту;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • - пікірталастарда этикалық, мәдени және әлеуметтік маңызды мәселелерді талқылау, өз көзқарасын білдіре білу, оны негіздей білу, қатысушылардың пікірін сыни тұрғыдан бағалау; - жеке қажеттіліктерді іске асыру (тұрмыстық, оқу, әлеуметтік, мәдени, кәсіби), әртүрлі қарым-қатынас жағдайларында этикалық тұрғыдан өз ұстанымының тиісті лексикалық-грамматикалық және прагматикалық деңгейінде өз көзқарасын дұрыс білдіре білу.