Модельдеудің экономикалық-математикалық әдістері

Никифорова Нина Васильевна

Оқытушының портфолиосы

Мухамедова Раушан Оразгалиевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пәнді оқу барысында MS Excel негізінде экономикалық-математикалық модельдеудің негізгі кезеңдерінің мәні қарастырылады, экономикалық-математикалық әдістер мен модельдердің қысқаша жіктелуі келтіріледі. Әртүрлі экономикалық жағдайларды практикалық іске асыру үшін сызықты және сызықты емес бағдарламалау есептері қолданылады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Экономикадағы математика

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Түлектерді технологиялық үрдестердің экономикалық-математикалық модельдері мен математикалық модельдерін әзірлеу мүмкіндігімен жобалау қызметіне дайындау;
  • Түлектерді қаржылық-кредиттік сала мекемелеріндегі есептік-экономикалық қызметтерді ойдағыдай орындауға дайындау.
Міндет
  • Студенттердің бойында экономикалық үдерістердің математикалық моделдерін құру іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Қазіргі заманғы экономикалық үдерістердің әртүрлілігін, олардың қоғамда жүріп жатқан басқа үдерістермен байланысын түсіну.
  • Түрлі экономикалық-математикалық моделдерді білу және интерпретациялай алу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Экономикалық үдерістерді нысандандыруда математикалық әдістерді қолдана алу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Экономикалық үдерістер мен құбылыстарды сипаттаудың негізінде математикалық моделдерді құра алу және алынған нәтижелерді талдау және интерпретациялау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кәсіпкерлік қызметті іске асырудың экономикалық және әлеуметтік шарттарын бағалай алу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Қазіргі ақпараттық ағындарда бағдар ала білу және әр түрлі процестерді моделдеуде өз дағдыларын пайдалану