Алгоритмдеу және бағдарламалау тілдері (Python)
Сипаттама: Курс Python жүйесі мен тілінің мен негізгі ұғымдарымен танысуға мүмкіндік береді. Курста негізгі тілдік құрылымдар мен кірістірілген функциялар, модульдер мен пакеттер, функционалды бағдарламалау құралдары, деректермен жұмыс істеуге арналған Python негізгі кітапханалары қарастырылады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Информатика. Мектеп курсы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- есептеу процестерінің алгоритмдеу негіздерін және әртүрлі қолданбалы есептерді шешуде Python бағдарламалау тілінің мүмкіндіктерін зерттеу.
Міндет
- Python бағдарламалау тілінің негізі мен негізгі алгоритмдік құрылымдарды зерттеу;
- алгоритмдеу және бағдарламалау саласындағы болашақ мамандардың құзыреттілігін қалыптастыру;
- білім алушыларда бағдарламаларды әзірлеудің заманауи аспаптық құралдарын қолдану дағдыларын жасап үйрету
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- бағдарламаларды әзірлеудің заманауи аспаптық ортасының даму тенденциялары мен перспективаларын білу
- алгоритмдеудің теориялық негіздері туралы түсінікке ие болу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Python тілінде бағдарламаларды өңдеу және қалпына келтіру мүмкіндігін іске асыра білу .
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- өз ойларыңызды тұжырымдау және өз пікірлеріңізді дәлелдей білу қабілетін дамыту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- командада жұмыс істеу үшін қажетті коммуникациялық қабілеттерді дамыту
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- әр түрлі есептердің алгоритмдерінің құрылымдық сызбаларын құру, соның ішінде есептеу процестерінің сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдерінде қолдану;
- Python тілінде бағдарламаларды әзірлеу;