Мемлекеттік басқару теориясы

Сидоренко Татьяна Викторовна

Оқытушының портфолиосы

Абдрахманова Жаннур Сериковна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Мемлекеттік құрылым, атқарушы билік, атқарушы билік органдары, басқарудың нысандары мен әдістері туралы теориялық көзқарастарды зерделеу үшін экономикалық, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік-саяси салалардағы атқарушы билік органдарының жұмысын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді зерттеу; заңдылықты қамтамасыз ету туралы нормативтік актілерді талдау және мемлекеттік басқару жүйесінің мазмұны туралы түсінік қалыптастыру.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Экономикалық теория

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Студенттерде мемлекеттік билік органдарының теориясы мен қазіргі заманғы проблемалары туралы жүйелі түсінік қалыптастыру, қазіргі жүйенің әлеуметтік-саяси трансформациялар жағдайындағы мемлекеттік басқару.
Міндет
  • Аралас экономика қалыптасып, жұмыс істеп жатқан жағдайда мемлекет басқару субъектісі ретінде тұтас түсінікке ие болу.
  • Мемлекеттік басқаруды академиялық ғылым саласы ретінде түсіну және мемлекеттік басқару саласындағы ғылыми мектептермен танысу.
  • Мемлекеттік басқаруды кәсіби қызмет түрі ретінде түсіну, мемлекеттік басқару мен бизнесті басқару арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ажырата білу.
  • -Мемлекеттік басқару жүйесі туралы кешенді түсінікке ие болу және оның құрамдас бөліктерінің мәнін түсіну: процесс, мақсаттар, функциялар, принциптер, әдістер, мемлекеттік басқару органдары мен кадрлары.
  • -Мемлекеттік экономикалық саясатты жүзеге асырудың негізгі құралдарын әртүрлі басқару деңгейлерінде қолданудың принциптерін, механизмін және ерекшеліктерін білу.
  • Мемлекеттік билік жұмысының механизмін меңгеру және барлық деңгейлердегі басқару органдарының құрылымын түсіне білу.
  • Басқарушылық шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыруға әсер ететін негізгі саяси және әлеуметтік-экономикалық институттарды білу.
  • Мемлекеттік басқарудың негізгі құралдарымен жұмыс істеу дағдыларына ие болу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Мемлекеттік басқаруға қатысты теориялар, концепциялар мен қазіргі заманғы тәсілдер мазмұнын білу және түсіну.
  • Мемлекеттік басқару органдарының құрылымын, олардың функцияларын және міндеттерін білу және түсіну.
  • Мемлекеттің жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттесу механизмін білу және түсіну.
  • Мемлекеттік саясат пен мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру механизмдерін білу және түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Нормативтік актілермен және мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруға қатысты басқа да құжаттармен жұмыс істеудің мазмұнын білу және түсіну.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Белгілі бір мәселелерді шешкенде, әртүрлі нормативтік-құқықтық актілерді дұрыс талдап, салыстыра білу, құқықтық қақтығыстарды шешу, осылайша мемлекеттік басқару саласында ойлау қабілетін дамыту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Саяси және әкімшілік шешімдерді әзірлеу, жүзеге асыру және бағалау үшін қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды қолдану.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Мемлекеттік басқару саласындағы кәсіби функцияларды жүзеге асырумен байланысты мақсаттарды қою және міндеттерді формулировка жасау.
  • Мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өз көзқарасын негізделген түрде жеткізу дағдыларына ие болу.