Тұрақты даму экономикасы

Саменова Асем Жанахметовна

Оқытушының портфолиосы

Бухатова Асем Салауаткызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән студенттерде микро және макро деңгейлердегі экономикалық қызметті жоспарлау кезінде, бизнес-жоспарларды әзірлеу кезінде экологиялық аспектілер мен табиғи жүйелердің мүмкіндіктерін ескеру қажеттілігі туралы түсінік қалыптастырады. Экономиканың тұрақтылығы, тұрақты экономикалық өсу, жасыл экономика сияқты ұғымдар қалыптастырады. Пән шеңберінде қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизмі қарастырылады.

Кредиттер саны: 3

Пререквизиты:

  • Кәсіпорын экономикасы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 15
СӨЖ 30
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Ауызша емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Жасыл экономика саласында білімі мен дағдыларын меңгерген және экологиялық құрамдас бөлігін ескере отырып шешім қабылдауға қабілетті мамандарды даярлау.
Міндет
  • 1) Экономиканың тұрақты даму тұжырымдамасын қалыптастыру. 2) Экономиканың орнықты дамуын бағалау және экономикалық өсу моделін анықтау дағдыларын меңгеру.3) Тұрақты экономикалық дамудың бағдарламалары мен стратегияларын әзірлеу дағдыларын қалыптастыру. 4) Жасыл экономиканы түсіну және оның құрылысы механизмін қалыптастыру. 5) Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдаланудың экономикалық механизмін түсінуін құру. 6) Экономиканың тиімділігін өнімнің, ресурстардың, қоршаған орта сапасының тәуелділігін түсінуді қалыптастыру. 7) Экономикалық даму мен экологиялық қауіпсіздік арасындағы ымыраға бару дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Түсіну: - экономиканың тұрақты даму тұжырымдамалары және өсу модельдері; - экономикалық өсудің сапасын бағалау тәсілдері; - табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық таза экономиканы құру қажеттілігі; - тұрақты жасыл экономиканы тұрғызу бағыттарында жаһандық үрдістері; - табиғатты тиімді пайдалану және табиғатты қоршаған ортаның экономикалық механизмі; - экономикалық өсімнің өнім сапасына, ресурстарға, қоршаған ортаға тәуелділігі.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық аспектілерін және экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, қоршаған ортаны қорғау жобаларын экономикалық бағалауға, экологиялық компоненттерді ескере отырып, басқару шешімдерін қабылдауға бағытталған стратегияны, бағдарламаларды және экономиканы дамытудың жоспарларын қалыптастыру үшін алынған білімді қолдану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Кәсіпорын, өнеркәсіп, мемлекет экономикаларының тұрақтылығы дәрежесі туралы пікір қалыптастыру; экономикалық өсу сипаты туралы; қоршаған ортаны және табиғатты тиімді пайдаланудың экономикалық тиімділік механизмі туралы, менеджмент жолында,оның әртүрлі бағыттары мен салаларында, экологиялық құрамы есебі туралы
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Экономикалық даму бағдарламалар, жоспарлар, стратегияларды және т.б. жасау кезінде экологиялық компонентін әртүрлі деңгейде талқылай білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Бұл пәнді жеке тақырыптар бойынша қосымша әдебиеттерді оқып, ақпараттармен жұмыс істеу, қорытынды жасау: қаншалықты мемлекет, кәсіпорын, сала экономикасы тұрақты