Инвестицияны қаржыландыру және несиелендіру
Сипаттама: Инвестицияның экономикалық мазмұнын, ұғымы мен типтерін, белгілерін, инвестициялық қызмет, заңдар, инвестициялық қызметтің дамуының маңызды мәселелерін, инвестициялық жоба, инвестициялық жобаларды қаржыландыру және несиелендіру механизмін, инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың әдістерін, тиімді бюджетті оқытады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Қаржыға кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Аралық аттестаттауды өткізу кезінде құзыреттердің құрамдас бөліктері үшін қорытынды бағаны шығару критерийлері: - білімі үшін интегралдық баға пәннің жұмыс бағдарламасында жоспарланған теориялық сауалнамалар, баяндамалар, тесттер және басқа да бақылау іс - шаралары нысанында ағымдағы және аралық бақылау нәтижелері бойынша студентке қойылады; - білігі үшін интегралдық баға ағымдағы және аралық бақылау нәтижелері бойынша студентке қойылады пәннің жұмыс бағдарламасында жоспарланған практикалық тапсырмаларды, бақылау жұмыстарын және басқа да бақылау іс-шараларын орындау нысанында; - ағымдағы және аралық бақылау нәтижелері бойынша студентке пәннің жұмыс бағдарламасында жоспарланған жеке тапсырмаларды орындау, басқа бақылау іс-шараларын қорғау нысанында иеленгені үшін интегралды баға қойылады |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Кәсіпорынның инвестициялық қызмпетін іске асыру бойынша бағдарламалар мен жобаларды құру бағыттарын, макро-микро деңгейде инвестициялардың ролі мен мәнін, капиталды салымдарды қаржыландыру қайнар көздерін және оптимальды инвестициялық портфельді таңдауда компанияның тиімді саясатын таңдауды оқытады.
Міндет
- Пәнді оқытудың міндеттері болып студенттердің барлық инвестициялық - қаржылық категориялар мен ұғымдар туралы теориялық дайындығын қамтамасыз етеді, олардың әлеуметтік-экономикалық мазмұны мен мәнін түсіндіреді.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- 1. Инвестициялардың әртүрлі түрлері, кәсіпорынды басқару жүйесіндегі инвестициялық қызметтің орны мен рөлі, инвестициялық шешімдер қабылдауға әсер ететін факторлар туралы түсінікке ие болу 2. Инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың құрылымы мен кезеңдерін, инвестицияларды талдау мен бағалаудың әртүрлі әдістемелерін, жобаларды қаржыландыру тәсілдері мен көздерін, капитал салымдарының бюджетін оңтайландыру әдістерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Қаржы менеджерінің инвестициялық шешімдер қабылдау жөніндегі қызметінде алдында тұрған нақты міндеттерді шешу кезінде пәнді оқу процесінде алған теориялық білімдерін қолдана білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- инвестицияларды бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануда, инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздерін ұтымды таңдауда инвестициялық жобаларды әзірлеудегі практикалық дағдылар
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Жобаны қаржыландырудың мақсатқа лайыктылығы туралы шешім қабылдау кезінде ақпараттық технологиялар және коммуникативті есптерді шығару үшін қазіргі техникалық құралдарды қолдану
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Методологиялық принциптерді талдау тәсілдерін қолданумен инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауды жүргізу; бизнесті жүргізу тиімділігін бағалау үшін , сонымен қатар басқару шешімдерін қолдану мақсатында талдау нәтижесін қолдану туралы объективті аналитикалық қорытындылар.