Қаржылық есептемені талдау

Нурекенова Эльвира Собетоллаевна

Оқытушының портфолиосы

Куур Ольга Вячеславовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Бұл курс кәсіпорынның қаржылық есептілігін талдау әдістері туралы жүйелі білім береді, қаржылық талдаудың негізгі ұғымдарымен, әдістерімен және түрлерімен, басқару шешімдерін негіздеу үшін оның нәтижелерін пайдалану мүмкіндіктерімен таныстырады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Статистика

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Кәсіпорын қызметіне қаржылық талдау жасаудың қазіргі заманғы әдістерін меңгеру, қаржылық тұрақтылықты, төлем қабілетін және несиені қайтару қабілетін анықтау мен талдаудың әдістерімен танысу.
Міндет
  • Қаржылық есептемені талдауға қатысты есептеулерді жүргізе білу, соның ішінде қаржылық коэффиценттерді есептей білу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Қаржыны басқарудағы жалпы жүйесіндегі қаржылық есептемені талдаудың орны туралы білу
  • Қаржылық есептемені талдаудың пәнін, әдістерін және түрлерін білу
  • Қаржылық есептемені талдаудың түрлерін және оның ақпараттық базасын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қаржылық есептемелерді талдау бойынша тәжірибелік есептеулерді жасауды үйрену, соның ішінде баланс өтімділігін талдау, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, қаржылық тұрақтылығын, несиеге қабілеттілігін, іскерлік белсенділігін және т.б. талдау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Қаржылық есептемені талдау барысында алынған нәтижелерді экономикалық тұрғыдан бағалап, оларды кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайын жақсартуға материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды жасау үшін пайдалана білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Бекітілген нысандар бойынша есептемелерді дайындау. Топта жұмыс істеуге қабілетті, өз ой топшылауын сауатты дәлелдей алады, жаңа шешімдер ұсынады, келісім таба алады, өз ойын коллектив ойымен салмақтайды
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білімдер алу машығын алады және білімін магистратурада жалғастырады. Кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылады