Экономикалық теория

Саменова Асем Жанахметовна

Оқытушының портфолиосы

Кабдулшарипова Алия Мухтарабовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Экономикалық теория тұтас ғылым кешенінің әдіснамалық негізі болып табылады: салалық (өнеркәсіп, сауда, құрылыс және т.б. экономикасы); функционалдық (қаржы, кредит, маркетинг, менеджмент және т. б.); салааралық және т. б. Құрылымдық экономикалық теория экономика қызметінің іргелі мәселелерін, қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының эволюциясын, ұлттық экономика деңгейінде ұдайы өндіріс заңдылықтарын қамтиды.

Кредиттер саны: 3

Пререквизиты:

  • Адам. Қоғам. Құқық (Адам және қоғам)

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 15
СӨЖ 45
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Экономикалық жүйенің даму заңдылықтарын қарастыру. Экономикалық категориялармен заңдарды оқып үйрену. Нарықтық қатынастардың заңдылықтарын танып білу.
Міндет
  • Экономиканың не екенін ұғып білу. Негізгі экономикалық категориялар мен түсініктерді үйрену. Болашақ мамандықтардың экономикалық сауаттылығын арттыру және олардың болашақта шаруашылық басқарудағы білімін көтеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Негізгі Экономикалық категориялар мен заңдарды біледі. Экономикалық ілімнің үлгілерін біліп түсінеді. Мемлекеттің экономикалық саясатын түсінеді.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Өзінің еңбек жасау процестерінде экономикалық ұғымдар мен заңдарды пайдаланады. Экономикалық әдістерді қолданады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Экономикалық терминдерді дұрыс орнымен пайдалану және өзінің көзқарасын дұрыс жеткізу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымда бір-бірімен қатынас жолын дұрыс жүргізу ерекшелігі және өз ортасында жақсы тіл табысу мүмкіндігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Өзінің көзқарасын дәлелдеу, өздігінен экономикалық ақпараттарды дұрыс пайдалану.