Сапа экономикасы

Сырымбек Маржан

Оқытушының портфолиосы

Денисова Оксана Касымовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Сапа экономикасы саласындағы базалық ұғымдар мен негізгі үрдістерді зерделеуді, сапаны басқарудың теориялық аспектілерімен танысуды және оларды отандық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметінде іс жүзінде қолданылуын сипаттайды. Пәнді оқытудың өзектілігі индустриалды-инновациялық экономиканың қажеттіліктерімен түсіндіріліп, оның алғышартында кәсіпорынның табысты қызметі шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне негізделеді.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Білім алушылар объектілердің (тауарлардың) сапасын өлшеу және талдау үшін қажетті теориялық білімдер алу, қызмет көрсету, технологиялық процестер) өмірлік циклдің әр түрлі сатыларында және практикалық техникалық-экономикалық есептеулерді өз бетінше орындау және жүйенің,технологиялық процестер мен өнімнің сапасын қамтамасыз ету саласында шешімдер қабылдау дағдысы игеру.
Міндет
  • сапа экономикасына қатысты ғылыми көзқарастарды зерттеу, мазмұны мен шығындардың сапаға жіктелуі, осы шығындардың құрамын анықтау;
  • сапа экономикасы саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулерінің эволюциясымен, сапа шығындарын зерделеудің негізгі ғылыми тәсілдерімен танысу, сапа шығындарын оңтайландыру модельдерін қарастыру;
  • сапа экономикасы саласындағы ұлттық және халықаралық стандарттардың ұсынымдарымен және талаптарымен танысу;
  • сапа экономикасы жүйесінің мақсатын, міндеттерін, функцияларын анықтау;
  • сапаға шығындарды басқару процесінің негізгі кезеңдерін зерттеу, атап айтқанда сапаға шығындарды жоспарлау; ақпаратты жинау, олар туралы деректерді есептеу және жүйелеу; талдамалық көрсеткіштерді анықтау және сапаға шығындар бойынша есептілік нысандарын құру; сапа менеджменті жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар бағдарламасын қалыптастыру және іске асыру;
  • сапа менеджменті жүйесі шеңберінде экономикалық тиімділікті есептеу әдістерін зерттеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • жүйенің,технологиялық процестер мен өнімнің сапасын статистикалық басқарудың негізгі әдістерін жүйелі түсінуді көрсету;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • сапа саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін сипаттайтын экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеу үшін қажетті бастапқы деректерді жинау және талдау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • сапа саласындағы басқарушылық шешімдерінің ұсынылған нұсқаларын сыни бағалау, әлеуметтік-экономикалық тиімділік өлшемдерін, тәуекелдерді және ықтимал әлеуметтік-экономикалық салдарларды ескере отырып оларды жетілдірудің ұсыныстарын әзірлеу және негіздеу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • коммуникативтік міндеттерді шешу үшін заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды қолдану;
  • кәсіби қарым-қатынас және мәдениетаралық коммуникация дағдысына ие болу;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • ел экономикасының түрлі деңгейлерінде сапаны арттыру бойынша әлеуметтік-экономикалық процестерді сыни талдау, бағалау және синтездеу.