Жол қозғалысын ұйымдастыру

Машекенова Асия Хасеновна

Оқытушының портфолиосы

Конарбаева Гульнур Нурлыбековна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Жол қозғалысын ұйымдастырудың негіздері қарастырылған; көлік пен жаяу жүргіншілер ағынының сипаттамалары көрсетілген; жол қозғалысын зерттеудің белгілі әдістері мазмұндалған; көше-жол торабының жекелеген нысандарындағы қозғалысты ұйымдастырудың тәжірибелік шараларына көп көңіл бөлінген.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Қалаларды транспорттық жобалау

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
курстық жоба
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны курстық зерттеу курстық жобаны жүзеге асыруды қамтиды

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәннің негізгі мақсаты жол жүрісін ұйымдастырудың теориялық негіздерімен, көлік құралдарының және жаяу жүргіншілердің көшелер мен жолдарда жүрісін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерімен, жол жүрісін ұйымдастырудың негізгі зерттеу әдістерімен таныстыру болып табылады
Міндет
  • - көліктердің және жаяу жүр-гіншілер ағынының негізгі сипатын анықтау; - жол жүрісін зерттеудің негізгі әдістерімен танысу; - жол жүрісін ұйымдастыруды жобалаудыі негізгі әдістемесімен танысу; - жол жүрісін әртүрлі жағдайларда ұйымдастырудың кең таралған әдістерімен, оларды тәжірибеде қолдану мысалдарымен танысу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • - жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормалық құжаттардың негізгі қағидаларын; - жол жүрісін ұйымдастыру-дың теориялық негіздерін; - көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштерді; - жол жүрісін ұйымдасты-рудың негізгі әдістемелік қағидаларын және нақты жағдайларда оларды шешу жолдарын; - жол жүрісі үрдісінің белгілерін бағалауды; - жол жүрісін ұйымдасты-рудың отандық және шетелдік тәжірибесін және оның келешектегі дамуын.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • - ЖКО статистикасы мәліметтерін талдауды; - көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүріс тәртібін зерттеуді; - көше-жол торабын тексеруді өткізуді және жол жүрісін ұйымдастырудағы нақты кемшіліктерді табуды; - әртүрлі жол, көліктік және метеорологиялық жағдайларға байланысты кешенді шаралар жасауды
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • көліктер мен жаяу жүргіншілердің негізгі сипатын, көше-жол торабы, жол жүрісін зерттеудің әдістері туралы, көліктің үрдістің қалыптасуына тиімді әсер ететін жол жүрісін ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін жобалауда теориялық білімдерін меңгеріп алу қажет
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Коммуникативті салада негізгі білімді игеру, кәсіби қызмет саласында шет тілдерін еркін қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіби қызметте және магистратурада білімін жалғастыру үшін қажетті жаңа арнайы білімді игеру дағдысын меңгеру.