Инженерлік геодезия

Гусаренко Юлия Дмитриевна

Оқытушының портфолиосы

Апшикур Байтак

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Инженерлік құрылыстарды жобалау және салу, іздестіру жүргізу кезінде орындалатын инженерлік-геодезиялық жұмыстардың құрамы мен өндіріс әдістері зерттелді. Студенттер инженерлік-геодезиялық желілерді зерттеу және салу әдістері, орталық жұмыстар, атқарушы түсірулер, желілік және алаңдық объектілердің құрылысын геодезиялық қамтамасыз ету туралы дағдыларға ие болады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Инженерлік білім беруге кіріспе

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттерге түсініктер беру керек.
  • - топографиялық негізді құру, іздестіру кезіндегі орындалатын, құрылыстар мен ғимараттарды салу және жобалаудағы орындалатын топографиялық-геодезиялық жұмыстардың құрамы мен мазмұны туралы;
  • - жобаны жер бетіне шығару;
  • - әртүрлі инженерлік объектілерді құрылысы кезіндегі геодезиялық өндірістің әдістері (құрылыстар, автомобиль жолдары, гидротехникалық құрылыстар, көпірлер, құбырлар).
Міндет
  • Студент білу керек: әртүрлі инженерлік объектілердің (құрылыстар, автомобиль жолдары, гидротехникалық құрылыстар, көпірлер, құбырлар) құрылысы мен жобалауын қамтамасыз етудегі геодезиялық жұмыстардың технологиясы мен құрамын.
  • Студент істей білуі қажет:
  • - топографиялық картаны еркін оқи және ондағы негізгі есептерді графикалық және есептеу сипатында шешу;
  • - геодезиялық аспаптар мен инструменттердің көмегімен жобалық және құрылыстық есептерді шешуге байланысты қиын емес геодезиялық өлшеулер мен жұмыстарды өз бетімен орындау;
  • - өлшеулердің математикалық өңдеуін жүргізу (координаталар ведомосін, түзу және қисық ведомосін есептеу, тахеометриялық түсірістің журналын, техникалық нивелирлеу журналын өңдеу);
  • - өлшеудіңқорытындысын графикалық рәсімдеу (топографиялық план, бойлық және көлденең қималарды салу, жер жұмыстарының картограммасының жазық және тік жобалау планы).
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауды спецификасын білу.
  • Геодезиялық өлшеулер үшін қолданылатын геодезиялық аспаптар мен инструменттер, олардың қорытындыларын математикалық өңдеу, сондай-ақ топографиялық карталар (пландар) құру әдістері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Заманауи технологияларды қолданып экономика объектілерін геодезиялық қамтамасыз ету кезіндегі геодезиялық жұмыстардың заманауи әдістерін және тәсілдерін қолдану қабілеті
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ақпаратты сараптау, әртүрлі геодезиялық өлшеулер өндірісінің әдістері туралы дәйекті қорытындылар жасау және дәйекті пайымдауды айту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымда ұйымдастыру-басқару функцияларын орындау қабілеті, коллективте ұйымдастыру-басқару функцияларын орындауға қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Геодезиялық аспаптар және инструментермен жұмыс істеу дағдылары.
  • Геодезиялық техникалық құжаттарды құруға дайындау.