Құрылыс физикасы
Сипаттама: Пән ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға байланысты физикалық құбылыстар мен процестерді қарастырады және қоршау құрылымдарының заманауи құрылымдық шешімдерін зерттеуге бағытталған. Ғимараттарда (құрылыстарда) қажетті температуралық-ылғалдылық, акустикалық және жарық техникалық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылыс климатологиясы, жылу техникасы, акустика, жарық техникасы туралы маңызды түсінік береді.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Физика
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Пәннің мақсаты студенттердің құрылыс физикасы саласында білім алуы және оларды ғимараттардың қоршау конструкцияларын жобалау кезінде қолдану болып табылады.
Міндет
- Пәннің міндеттері құрылыс жылу техникасы және ғимараттарды жылудан қорғау, ғимарат конструкцияларын ылғалдан қорғау, қоршаулардың нормативтік ауа өткізгіштігін қамтамасыз ету, нормативтік табиғи жарықтандыру және инсоляция, сондай-ақ шуылдан қорғау саласында білім мен дағдыларды алу болып табылады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Студенттер ғимараттардың көлемдік-жоспарлау шешімдерін және қоршау конструкцияларының конструктивтік шешімдерін, конструктивтік және құрылыс жүйелерінің негіздерін анықтайтын орта физикасының заңдарын білуі тиіс
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- - елдімекен құрылыс нысандарын сол жердің климаты бойынша талдап, схемаларын салу; - зерттелген материал негізінде климаты бойынша қортынды жасау;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Студенттер заманауи жобалау нормаларын қолдана отырып, құрылыс физикасы саласындағы есептерді өз бетінше жүргізе білуі керек, нәтижелерді талдай алуы керек
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Әңгіме - диалог жүргізу, сөйлеу этикеті ережелерін қолдану
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Келесі пәндердегі міндеттерді қою және шешу қабілеті