Байланыстырғыш заттар

Ракижанова Жанар Каримовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Студенттер минералдық (бейорганикалық) және органикалық байланыстығыш заттардың жіктелуі мен номенклатурасын оқиды. Өндірістің барлық сатыларында өтетін химиялық, минералогиялық құрамдарды, химиялық процестерді зерттейді. Шикізат материалдарын, өндіріс технологиясын зерттейді. Байланыстығыш заттардың физикалық-механикалық көрсеткіштерін анықтайды. Тұтқыр заттарды дайындау бойынша өндірістік цехтарды жобалауды үйренеді. Байланыстырғыштардың қасиеттеріне байланысты қолдану аймағын анықтауды үйренеді.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Математика 1

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар 15
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • «Байланыстырғыш, заттар» пэнін оқытудың мақсаты органикалық, бейорганикалық байланыстырғыш заттардың бетон мен темірбетон бұйымдарын, жылуоқшаулағыш, өңдеу, гидрооқшаулағыш материалдар мен композиттер өндіргендегі ролінің маңыздылығын терең түсінетін, индустриалды құрылыста тиімді пайдаланатын, капитал қорының орнының тиімділігін анықтайтын жоғары сапалы білімді маманды дайындау.
Міндет
  • «Байланыстырғыш заттар» пәнін оқытудың міндеттері мыналар: - байланыстырғыш зат алуға қажетті басты және қосалқы шикізаттық компоненттерді таңдаудың негізгі қағидаларын, байланыстырғыш заттардың барлық түрлерін өндірудің технологиялық процестерін, байланыстырғыш заттардың негізгі қолданыстық қасиеттерін, негізгі зерттеу қондырғыларын, берілген қасиеттегі бүйымдар мен композиттер алу үшін байланыстырғыш заттың қандай түрін қолдану жолдарын білуі керек; - құрамдарды есептеу, байланыстырғыш заттардың қолданылуы мен түріне байланысты шикізаттарды таңдауды, өлшегіш және технологиялық қондырғыларды дұрыс қолдануды, технологиялық және анықтама материалдарды қолдана алуы қажет; - экологиялық және халықаралық стандарттар жүйесінің талаптарына сай құрылыс индустриясы кәсіпорындарын қолдану мен жобалаудың негіздерін, нәтижелеріді сипаттауды, байланыстырғыш затты дайындау және тиімді қолдану бойынша түйіндеме, есеп және ұсныс жасауды меңгеруі керек.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Жоғары білімді тұлғаның ой-өрісінің кеңдігі мен ойлау мәдениеті бар қалыптасуына ықпал ететін жаратылыстану-ғылыми пәндер саласындағы базалық білімдерді меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Жаңа композициялық материалдарды алу және құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының қолданыстағы технологияларын жетілдіру бойынша ғылым мен тәжірибенің жай-күйі туралы білімді қолдану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Нақты өндіріс жағдайында материалдардың, бұйымдар мен конструкциялардың технологиясы мен қасиеттерін оңтайландыру бағыттарын таңдаудың жалпы принциптерін қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Техникалық, қаржылық және психологиялық факторларды ескере отырып, негізгі өндірістік қатынастар мен басқару принциптерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Практикада жаңа технологиялық операцияларды, өндірісті технологиялық жабдықтау құралдарын пайдалану.