Құрылыс керамикасы 2

Салимбаева Зауреш Нарегеновна

Оқытушының портфолиосы

Ракижанова Жанар Каримовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Студент керамикалық материалдар мен бұйымдарды жасау технологиясын зерттейді. Негізгі технологиялық бөліктерде болып жатқан процестерді оқып, өндірістік жабдықтарды дұрыс таңдауды үйренеді. Курсты оқып үйрену әр түрлі инженерлік есептерді шешумен, ғылыми әдебиеттерді пайдаланумен, жаңа технологиялар мен материалдарды игеруде өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын алумен сүйемелденеді.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Құрылыс материалдары

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
курстық жоба
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқытудың мақсаты күрделі құрылыстың заманауи талаптарына жауап беретін қазіргі керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдарының қасиеттерін және дайындау технологиясын терең білетін мамандарды дайындау болып табылады.
Міндет
  • Пәннің міндеті қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қазіргі керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдарының қасиеттерін және дайындау технологиясын білетін мамандарды дайындау болып табылады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Білім алушылар білуі тиіс: - қолданыстағы МЕМСТ талаптарына сәйкес қазіргі заманғы керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдарын дайындау технологиясы және қасиеттері; - бастапқы шикізатты тасымалдау, сақтау және өңдеу тәсілдері; - керамикалық материалдар өндірісін техникалық бақылаудың әдістері мен міндеттері; - құрылыс керамикасы технологиясын дамытудың перспективалық бағыттарына байланысты құрылыс кешеніндегі әлеуметтік-экономикалық жағдай.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • «Құрылыс керамика 2» пәнін үйрену нәтижилері мынадай: - Өндіріс саласында ғылыми-техникалық үрдістің келешегін көрсету және автоклавты материалдары қолдану; - Қажетті техникалық сипаттамаларымен және олардың зауыттық өндірісте рационалды технологиялық қолдануларымен құрылыс керамикасы материалдардың принципі жайлы түсінік беру; - Студенттерді құрылыс керамикасы материалдардың қасиеттерін сандық көрсеткіштермен бағалауға және әдістемелік принциптердегі олардың анықтамаларын жақсы білуге, сонымен қатар олардың эксплуатацияларының берілген шарттарына өте перспективті материалдар мен бұйымдарды таңдауға үйрету. Құрылыс керамикасы материалдардың барлық көптүрлілігін бір пәнде оқу үшін біріктіруге болатын курстың әдістемелік негізі болып басты технологиялық міндет – оның мақсаттылық сипаттамасымен материалдардың жоғарыкеуекті құрылымын жасау, сонымен қатар қаралған материалдар мен бұйымдарды қолдану аясы болып табылады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Хабардар болу - маңызды құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіру кезіндегі саланың жетекші жағдайы туралы; - керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдары өндірісіндегі өз мақсатына сәйкес тиімді энергия және ресурс үнемдеуші технологияларды құрудағы жаңашылдар мен рөлдер туралы
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Командада жұмыс істей білу, оппоненттің пікірін құрметтеу, өндірістік міндеттерді шешу үшін жауапкершілік алу, көшбасшылық қасиеттерді көрсету, мансаптық өсуге ұмтылу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Дағдылар: - әртүрлі инженерлік міндеттерді шеше білу; - құрылыс керамикасы бұйымдарының қасиеттерін сандық көрсеткіштермен бағалау және оларды анықтаудың әдістемелік принциптерінде жақсы таныту; - шикізат материалдарына сынақ жүргізу; - дайын өнімнің сапасын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау; - шикізат материалдарын экологиялық қауіпсіздікті, отын-энергетикалық және басқа да материалдық ресурстарды үнемдеуді ескере отырып, өтімсіз өндіріске және өнеркәсіп қалдықтары мен халық шаруашылығының басқа салаларының өнімдерін кешенді пайдалануға артықшылық бере отырып, ұтымды пайдалану; -өндіріс саласында да, қарастырылып отырған материалдар мен бұйымдарды пайдаланудың берілген шарттары үшін ауыстыру саласында да еңбек сыйымдылығын төмендету.