Сәулетттік физика 1

Амирханов Мухтархан Солтанулы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Бағыттар зерттелуде: сәулеттік климатология, құрылыс жылу техникасы. Сәулет өнеріндегі климат түсінігі, жылу техникасы мен энергия тиімділігінің қазіргі талаптары жағдайында ғимараттардың, қоршау құрылымдарының конструктивтік ерекшеліктері қарастырылады.

Кредиттер саны: 3

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 15
СӨЖ 45
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Шығармашылық емтихан. Емтихан билеті пән бөлімдері бойынша екі теориялық сұрақты және бір есеп айырысу тапсырмасын қамтиды.

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Ғимараттардың климатологиялық типологиясының негіздерін, сонымен қатар жылу инженерлік реттеу негіздерін, әртүрлі климаттық аймақтарда салынған ғимараттар мен қоршау құрылыстарының жобасын есептеуді үйрену.
Міндет
  • Климаттық жағдайлардың үй-жайлардың микроклиматына және тұрғын, әкімшілік және өндірістік объектілердің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету жүйелеріне әсерін зерттеудің теориялық негіздерін зерттеу.
  • Құрылыс климатологиясы саласындағы нормативтік құқықтық базаны әзірлеу.
  • Құрылыстың жылу техникасы туралы білім алу және оларды құрылыс объектілері мен қоршау конструкцияларын жобалауда қолдану.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • әртүрлі аудандарда жобалау кезінде есепке алу үшін жылу микроклиматын қалыптастырудың және оның адамға әсерінің жалпы мәселелерін, құрылыс үшін ел аумағын климаттық аудандастыру қағидаттарын сипаттау.
  • сәулеттік жылу физикасы әдістерін құрылыстың жайлы микроклиматын қалыптастыру заңдары туралы білім жүйесі ретінде сипаттау.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • толтырылмайтын энергетикалық ресурстарды ескере отырып, жылу техникалық жағынан тиімді қоршау конструкциялары мен материалдарын таңдау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • қазіргі әлемдегі физиканың рөлі туралы пікір білдіру және өз пікірін дәлелдеу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • теориялық мәселелерді талқылау, өз пікірлерін басқалармен алмасу, жұмыстарды орындау барысында анықталған проблемалардың шешімдерін іздеу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • климатология және жылу техникасы бойынша міндеттерге қатысты физикалық-өлшеу аспаптарын практикалық пайдаланудың тәжірибелік дағдыларын меңгеру.