Бүкіләлемдік сәулет тарихы

Буханцева Анна Евгеньевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Ғимараттардың, құрылыстардың, сондай-ақ олардың түрлерінің белгілі бір тарихи кезеңдегі архитектоникасының даму логикасы зерттеледі. Сәулет өнерінің қалыптасуы мен дамуының мәселелері жергілікті табиғи-ландшафттық және мәдени-тарихи ортамен, қоғамның әлеуметтік құрылымымен, құрылыс техникасының дамуымен байланыста қарастырылады.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Шығармашылық емтихан. Емтихан билетіне пәннің бөлімдері бойынша үш теориялық сұрақ және көрсетілген критерийлер бойынша шығармашылық графикалық жұмыс кіреді.

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Ғимараттардың, кешендер мен құрылыстардың қасбеттерін, қималары мен жоспарларын графо-аналитикалық талдауды қолдана отырып, архитектуралық стильдердің ерекшеліктерін және олардың жүйелі және эволюциялық дамуындағы стилистикалық үрдістерді зерттеу.
Міндет
  • - сәулет өнерінің эволюциясын зерттеу және алдыңғы дәуірлер сәулетімен байланыстарды ашу; -тарихи сәулет туындылары мысалында негізгі композициялық, құрылымдық, тектоникалық заңдылықтарды меңгеру; - тарихи дамудағы архитектуралық формалардың заңдылықтарын және олардың қазіргі сәулет өнеріне әсерін зерттеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Белгілі бір тарихи кезеңдегі ғимараттардың, құрылыстардың, сондай-ақ олардың түрлерінің архитектурасының логикалық дамуын білу және түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Архитектуралық стильдерді қалыптастыру ерекшеліктері туралы білімдерді жобалау процесіне біріктіру.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Сәулет ескерткіштерін зерттеп, салыстыру, ғимараттар мен құрылыстар архитектурасының даму логикасын түсіндіру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Алынған білім мен кәсіби терминологияны тұтынушылармен және әріптестермен жұмыста қолдану.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Алған білімдерін, кәсіби терминдер мен ұғымдарды қосымша білім беруде қолдану.