Сәулеттік жобалау I

Чалкенов Мухтар Сагатканович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Ол сәулет нысандарының бір түрі – көрме павильонын жобалау принциптерін зерделеуге, қазіргі заманғы қоғамдық ғимараттардың кейінгі түрлерінің сәулетін зерттеуге негіз қалауға және дербес жобалық шешімдер қабылдау дағдыларын меңгеруге бағытталған.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер
Практикалық жұмыстар 45
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
курстық жоба
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны шығармашылық емтихан (klausura)

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқудың мақсаты – қалалық орта құрылымында қоғамдық объектілерді жобалаудың заманауи әдістерінің кешенін иеленетін маман-сәулетшілерді дайындау.
Міндет
  • - объектіні қалалық ортада орналастыру принциптерін меңгеру; - көлемді-кеңістіктік және функционалдық шешім; - ұқсас объектілерді жобалаудың әлемдік тәжірибесін зерттеу; - объектінің конструктивтік ерекшеліктерін зерттеу;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • -қарапайым функционалдық байланыстары бар қоғамдық ғимараттарды жобалаудың негізгі принциптерін, осы типтегі құрылымдарды жобалаудағы заманауи әдістер мен технологияларды білу. -- объектіні жобалаудың негізгі әдістерін жүйелі түсінуді көрсете білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • -сәулеттік қоғамдық нысандарды өз бетінше жобалау үшін алған білімдері мен дағдыларын пайдалану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • - сәулет тәжірибесінде ұқсас объектілердің жобалық шешімдерін сыни тұрғыдан бағалай білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • - пікір және кәсіби біліммен алмасу қабілеті, - ұқсас құрылымдарды жобалауға қатысты мәселелерді талқылауға қатысу мүмкіндігі
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • - кәсіби міндеттерді шешу үшін алған білімдері мен дағдыларын жинақтау, талдау және жүйелеу қабілеті; - заманауи ақпарат ағынында бағдарлау мүмкіндігі