| Код – Мамандық |
8D05303 - Жасыл химия және тұрақты даму
|
| Білім беру бағдарламасының мақсаты |
Экологиялық тәуекелдерді, химия өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсерін азайтуға, сондай-ақ тұрақты және қауіпсіз химиялық процестер мен материалдарды жасауға бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізуге және инновациялық технологияларды әзірлеуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау
|
| Түлек моделі |
| Түлектің біліктілік сипаттамасы |
Мамандар лауазымдарының тізбесі:
әскери-өнеркәсіптік кешен, индустрия, ауыл және коммуналдық шаруашылық, өндіріс және тұтыну салалар, тіршілік қауіпсіздігі,еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларда қорғану салаларының мемлекеттік органдары, экологиялық қызметтер, экономиканың барлық салалары, ғылыми-зерттеу орталықтары, институттар, зертханалар |
Кәсіби қызмет объектісі:
Ғылыми және өндірістік ұйымдар, білім беру ұйымдары, сынақ зертханалары |
Кәсіби қызмет түрлері:
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- инновациялық;
- жобалау-технологиялық;
- жобалау-конструкторлық;
- өндірістік-технологиялық;
- эксперименттік-зерттеу
|
Кәсіби қызметінің функциялары:
- қолданыстағы химиялық үрдістердің тұрақтылығын оңтайландыру және жақсарту мақсатында экологиялық бағалау жүргізу;
- химиялық үрдістердің экологиялық әсерін азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- өндірістік үрдістерге тұрақты тәжірибелерді енгізуге, сондай-ақ экологиялық тиімділікті жақсартуға және көміртегі ізін азайтуға бағытталған жобаларды басқару;
- кәсіпкерлік қызмет.
|
| Маманның құзыреттілік картасы |
| Қалыпталатын негізгі құзыреттер |
Оқыту нәтижелері |
| 1. Заманауи ғылыми зерттеулерді талдау және синтездеу, таңдалған саладағы өзекті мәселелер мен бағыттарды анықтау, білім алушыларда зерттеу дағдыларының қажетті деңгейін дамыту қабілеті |
Жасыл химия және тұрақты даму саласында ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асыру, ғылыми негізделген гипотезалар мен зерттеу әдістерін әзірлеу, оқытуды жүргізу, деректерді талдау және кәсіби міндеттерді шешу. |
| 2. Мәдениетаралық ортада тиімді ғылыми және іскерлік қарым-қатынас жасау үшін ауызша және жазбаша түрде кәсіби бағдарланған тілдік құралдарды пайдалану, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін рәсімдеу қабілеті. |
Әртүрлі тілдік және мәдени ортада еркін қарым-қатынас жасау, ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсыну және білім алушы жастардың әлеуметтенуіне ықпал ету үшін ауызша және жазбаша тілдік құралдарды пайдалану. |
| 3. Экологиялық қауіпсіз технологияларды әзірлеу мен енгізуді, ресурстарды ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаға антропогендік жүктемені азайтуды қоса алғанда, жасыл химия және тұрақты даму саласындағы міндеттерді шешу үшін ғылыми зерттеулер мен экологиялық мониторингтің заманауи әдістерін қолдану қабілеті. |
Экологиялық жүктемені азайтуға, ресурстарды ұтымды пайдалануға және тұрақты химиялық технологияларды дамытуға бағытталған жасыл химия саласындағы инновациялық технологияларды әзірлеу үшін ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдану. |
| Мекеме қызметінің стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын айқындау, қоршаған орта жағдайының мониторингін жүргізу кезінде мемлекеттік бақылау желісінің жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру, сондай-ақ жаңа экологиялық қауіпсіз технологиялар мен үрдістерді әзірлеу және енгізу. |
| 4. ластаушы заттардың, қалдықтардың шығарындыларын және табиғи ресурстарды тұтынуды азайтатын экологиялық таза технологияларды әзірлеу және оңтайландыру қабілетілігі |
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсерін талдау, ластаушы заттардың мониторингін жүргізу, инновациялық технологияларды енгізу бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стейкхолдерлерімен өзара әрекеттесу. |
| Химиялық заттармен байланысты экологиялық тәуекелдерге сыни бағалау жүргізу, уыттылықты анықтаудың заманауи әдістерін қолдану, ластаушы заттардың қоршаған орта құрауыштарына және адам өмірінің жағдайларына теріс әсерін азайту шараларын әзірлеу. |
|
| Модульдік оқу жоспары |
|