Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық

7M07108 - Көлік, көліктік техника және технологиялар

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Білім алушыларға көліктік машина жасау зауыттары мен көліктік кәсіпорындарға бағдарланған, көлік техникасын зерттеу, жобалау әдістері, дайындау технологиялары және пайдалану бойынша білімдері, іскерліктері мен практикалық дағдыларын қамтитын жоғары сапалы білім беру

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Көлік техникасын өндіру;

Көлік техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу;

Зерттеу жобасына басшылық ету.
Кәсіби қызмет объектісі:

Өмір циклінің барлық сатыларындағы көлік техникасы
Кәсіби қызмет түрлері:

Эксперименттік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, конструирлеу, жобалау, дайындау, сынақтан өткізу, техникалық қызмет көрсету және көлік техникасын жөндеу кезінде зерттеу жобасын жедел басқару.
Кәсіби қызметінің функциялары:

Инновациялық даму жөніндегі менеджер:
1. Инновациялық қызмет стратегиясының бөлімдерін әзірлеу және іске асыру, өмір циклінің барлық сатыларындағы көлік техникасын жедел басқару.
2.Өмір циклінің барлық сатыларындағы көлік техникасының маңызды нәтижелерін өңдеу.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Психология негіздерін және басқару әдістерін білу қабілеттілігі, мамандық бойынша практикалық міндеттерді шешуде коммуникация мен ақпарат алмасуды жолға қою процесінде психологиялық және лингвистикалық кедергілерді еңсеру үшін кәсіби шет тілін меңгеру Кәсіби ақпаратпен алмасу мақсатында лингвистикалық кедергіні еңсеру үшін жеткілікті сөздік қорына ие болу және көптілді қарым-қатынас дағдыларына ие болу
Кәсіби қызмет бейіні бойынша практикалық міндеттерді шешу мақсатында адам психологиясы туралы білімді пайдалана білу және адам ресурстарын басқару дағдыларын қолдана білу
2. Перспективалық ғылымды қажетсінетін агрегаттар мен көлік техникасы жүйелерінің конструкциясының ерекшеліктері мен жұмыс принциптерін білу, олардың техникалық жай-күйін талдай білу, белгіленген тиімділікті қамтамасыз ету үшін олардағы жұмыс процестерін басқару дағдыларын меңгеру қабілеті Техникалық жай-күйін талдау және бағалау процестерінде перспективалық ғылымды қажет ететін агрегаттар мен көлік техникасы жүйелерінің құрылымы мен жұмыс принциптері туралы білімдерін пайдалана білу, белгіленген тиімділікті қамтамасыз ету, көлік құралдарын сертификаттау рәсімдерін іске асыру мақсатында олардың жұмыс процестерін басқару дағдыларын меңгеру
3. Ғылыми зерттеулердің принциптері мен әдістерін білу, көлік саласында теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізе білу, көлік саласы объектілерінің тиімділігін арттыруға арналған шешімдерді іздеу, зерттеу жобаларын басқару қабілеті. Ғылыми зерттеу әдістерін дұрыс қолдана білу, көлік саласындағы практикалық міндеттерді шешу үшін ғылыми ізденіс пен талдау дағдыларын меңгеру, зерттеу жобаларын басқару дағдыларын меңгеру.
4. Экспериментті жоспарлау және қою әдістемелерін білу, көлік техникасының агрегаттары мен жүйелерінің жай-күйіне сараптамалық бағалау жүргізе білу, көлік техникасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оны тиімді пайдалану үшін оқиғалар мен жағдайларды болжай білу, ғылыми негізделген шешімдер қабылдау, зерттеу жобаларын әзірлеу мен іске асыруды қамтамасыз ету қабілеті. Эксперименттік зерттеу әдістерін дұрыс қолдану, сараптамалық бағалау және болжау негізінде көлік техникасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оны тиімді пайдалану үшін ғылыми негізделген шешімдер қабылдау, сондай-ақ инновациялық қызмет жоспарларын іске асыру, зерттеу жобаларын әзірлеу және жүзеге асыру дағдыларын меңгеру.
5. Жоғары технологиялық электр және гибридті агрегаттар негізінде автокөлік техникасының зияткерлік конструкцияларын құрудың ғылыми негіздерін білу және жобалау әдістемелерін қолдану, олардың қауіпсіздігі мен жұмыс қабілеттілігін белгіленген деңгейде қамтамасыз ету дағдыларын меңгеру қабілеті Жоғары технологиялық электр және гибридті агрегаттар негізінде автокөлік техникасының зияткерлік конструкцияларын жобалау және жобалау дағдыларын меңгеру
Белгіленген деңгейде көлік техникасының қауіпсіздігі мен жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету дағдыларын меңгеру
Модульдік оқу жоспары
Базалық пәндер Кәсіптік пәндер Қосымша оқу түрлері