Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық

7M04103 - Инновацияның экономикасы

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Микро және макроэкономика саласында ғылыми әзірлемелермен айналысатын кәсіпорындардың зерттеу орталықтары мен құрылымдық бөлімшелері үшін, сондай-ақ ресурстарды ұтымды пайдалануға, шаруашылық қызметтің экономикалық тиімділігін арттыруға байланысты міндеттерді шешу үшін жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау.

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Кәсіби қызмет саласы мемлекеттік басқару органдарын, ғылыми-зерттеу ұйымдарын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын, ұлттық компанияларды, өнеркәсіп кәсіпорындарын, қаржы институттарын, инновациялық және технологиялық компанияларды, технопарктерді, бизнес-инкубаторларды, венчурлік қорларды, консалтингтік ұйымдарды, сондай-ақ инновациялық, инвестициялық, талдамалық, жобалық және басқарушылық қызметті жүзеге асыратын шағын, орта және ірі бизнес субъектілерін қамтиды.
Кәсіби қызмет объектісі:

Кәсіби қызмет объектілері мемлекеттік органдар, экономиканың түрлі салаларындағы кәсіпорындар мен ұйымдар, инновациялық және жоғары технологиялық компаниялар, ғылыми-зерттеу ұйымдары, қаржы институттары, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, венчурлік қорлар, білім беру ұйымдары, сондай-ақ инновацияларды әзірлеуге, енгізуге және коммерцияландыруға бағытталған инновациялық, инвестициялық, өндірістік, ұйымдастырушылық-басқарушылық және бизнес-процестер болып табылады.
Кәсіби қызмет түрлері:

- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- инновациялық;
- жобалық;
- талдамалық;
- инвестициялық;
- ғылыми-зерттеу;
- сараптамалық-консультациялық;
- білім беру (педагогикалық);
- кәсіпкерлік;
- стратегиялық.
Кәсіби қызметінің функциялары:

«Инновациялар экономикасы» білім беру бағдарламасының түлектері инновациялық қызметті талдау мен басқаруды жүзеге асырады, инновациялық және инвестициялық жобаларды әзірлеп, іске асырады, олардың тиімділігін бағалайды, ұйымдардың стратегиялық дамуы мен цифрлық трансформациясына қатысады, ғылыми зерттеулер жүргізеді, сараптамалық-консультациялық қызмет көрсетеді және ғылыми-зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру үдерістеріне қатысады.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Шетел тілінде кәсіби және ғылыми коммуникацияны тиімді жүзеге асыру, заманауи басқару технологиялары мен экономикалық талдау әдістерін қолдану арқылы негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау, ұйым қызметінің тиімділігін бағалау және инновациялық экономика жағдайында кәсіби міндеттерді шешу қабілеті. Кәсіби және ғылыми өзара іс-қимылда шетел тілін пайдалану, сондай-ақ басқарушылық шешімдер қабылдау, жобаларды іске асыру және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсыну барысында заманауи басқару технологиялары мен көшбасшылық тәсілдерді қолдану.
Жаңа жағдайларда теориялық және практикалық тапсырмаларды шешу үшін әр түрлі пәндер шеңберінде алынған білімді біріктіру.
2. Цифрлық экономика жағдайында ұйым қызметін бағалау, басқарушылық шешімдерді негіздеу және инновациялық даму бағыттарын әзірлеу үшін заманауи статистикалық әдістерді, экономикалық талдау құралдарын және инновациялық экономика қағидаттарын қолдану қабілеті. Статистикалық мәліметтерді пайдалана отырып кәсіпорынның өндірістік, шаруашылық, қаржылық қызметін инновациялық, экономикалық талдау дағдыларын қолдана білу.
Макроэкономикалық процестердің механизмін, макроэкономика заңдарын білу, сондай-ақ кәсіби қызмет саласындағы даму әлеуетін болжау саласындағы зерттеулердің нәтижелерін ұсыну.
3. Инновациялық экономика жағдайында негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау және кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында экономикалық талдаудың заманауи әдістерін, инновациялық тәуекелдерді басқару құралдарын, ұйымның стратегиялық дамуы мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану қабілеті. Микроэкономикалық деңгейде кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін дамыту бойынша жаңа идеялар мен бағдарламаларды әзірлеу үшін экономикалық практика мен теорияның негіздерін зерделеу мен игеруге қабілетті болу.
Маркетингтік, қаржылық және өндірістік талдау нәтижелері негізінде ұйымның даму перспективаларын анықтау.
4. Кәсіпорынның тұрақты дамуын, бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауды қамтамасыз ету үшін инновациялық қызметті басқарудың, фирманы дамытудың және инновациялық тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерін қолдану қабілеті. Экономиканы дамытудың стратегиялық және перспективалық жоспарларының жүйесін және ұйымдық құрылымын білу.
Инновациялық жобалардың бизнес-жоспарларын құрастыра білу кәсіпорынды басқару стратегиясының экономикалық негіздемесін және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды есептеуді жүргізу.
Модульдік оқу жоспары
Базалық пәндер Кәсіптік пәндер Қосымша оқу түрлері