Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық

6B07315 - Геоматика

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Тұрақты даму, кеңістіктік жоспарлау, табиғатты пайдалану, аумақтық жүйелердің мониторингі және басқару мәселелерін шешу үшін заманауи геоақпараттық, қашықтықтан, бағыттық (навигациялық) және цифрлық технологияларды пайдалана отырып, кеңістіктік ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және визуализациялау саласында пәнаралық білімі мен практикалық дағдылары бар жоғары білікті мамандарды дайындау.

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Экономиканың барлық салалары, оның ішінде геодезия, картография, геоинформатика, жерге орналастыру, кадастр, Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ), цифрлық картография, инженерлік ізденістер, геокеңістіктік талдау, геокеңістіктік деректерді құру және басқару, геоақпараттық жүйелерді әзірлеу, GNSS, ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА), лазерлік сканерлеу, жасанды интеллект және цифрлық егіздер технологияларын аумақтардың тұрақты дамуын, құрылыс, инфрақұрылым, табиғи ресурстарды пайдалану және мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету мақсатында қолдану салалары.
Кәсіби қызмет объектісі:

- геокеңістіктік деректер және кеңістіктік деректер базалары;
- жер және табиғи ресурстар;
- жылжымайтын мүлік объектілері және жер кадастры объектілері;
- елді мекендердің, өңірлердің және әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумақтары;
- инженерлік құрылыстар, құрылыс объектілері, көлік, энергетикалық және өндірістік инфрақұрылым объектілері;
- геоақпараттық жүйелер (ГАЖ), цифрлық карталар, жер бедерінің цифрлық модельдері және аумақтардың цифрлық егіздері;
- Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) материалдары, GNSS, ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА) және лазерлік сканерлеу деректері;
- экономиканың түрлі салаларын геодезиялық, картографиялық, жерге орналастыру, кадастрлық және геоақпараттық қамтамасыз ету процестері.
Кәсіби қызмет түрлері:

- өндірістік-технологиялық;
- эксперименттік-зерттеу;
- білім беру (педагогикалық, оқу-тәрбие);
- өндірістік-басқарушылық;
- ұйымдастыру-технологиялық;
- ғылыми-зерттеу;
- жобалау;
- инновациялық және кәсіпкерлік.
Кәсіби қызметінің функциялары:

- заманауи цифрлық технологияларды қолдана отырып, геодезиялық, картографиялық, жерге орналастыру, кадастрлық және инженерлік-іздестіру жұмыстарын орындау;
- геокеңістіктік деректерді, геоақпараттық жүйелерді және аумақтардың цифрлық модельдерін құру, интеграциялау, талдау, модельдеу және басқару;
- кәсіби міндеттерді шешуде GNSS, Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ), ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА), лазерлік сканерлеу, жасанды интеллект және кеңістіктік талдау технологияларын қолдану;
- экономиканың әртүрлі салаларын цифрлық трансформациялауға бағытталған геокеңістіктік жобаларды ұйымдастырушылық-басқарушылық, жобалық және сараптамалық сүйемелдеу;
- заманауи геокеңістіктік шешімдерді әзірлеу және енгізуге бағытталған ғылыми-зерттеу, инновациялық және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде түрлі жағдайларды бағалау қабілеті. Философиялық және тарихи мазмұндағы ақпаратты қабылдау және талдау дағдыларын, пікірталас пен дау-дамайды жүргізу әдістерін меңгеру. Ойды дұрыс жеткізе білу, әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дәлелді түрде қорғай білу.
2. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті. Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коммуникативті қабілеттерге ие болу. АКТ көмегімен ақпаратты іздеу және өңдеу.
3. Қазақстан Республикасының Тұрақты даму қағидаттары мен экологиялық және еңбек заңнамасының нормаларын сақтай отырып, кәсіби міндеттерді шешу кезінде қоршаған ортаны қорғау, Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді сәйкестендіру, талдау және азайту қабілеті. Кәсіби міндеттерді шешу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық және еңбек заңнамасының талаптарын, тұрақты даму қағидаттарын ескере отырып, қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік қауіпсіздік салаларындағы тәуекелдерді басқару негіздерін меңгеру.
4. Тұтас ғылыми дүниетаным негізінде заманауи коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып әлеуметтік және мәдени ортада тиімді өзара іс қимыл жасау және салауатты өмір салтына бағдарлану қабілеті. Экономикалық-құқықтық, әлеуметтік-мәдени ортада тұтас тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін білімді көрсету, инклюзивтілікті және барлық қатысушылар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді ескере отырып, негізделген шешімдер қабылдау.
5. Аумақтар мен инженерлік объектілерді картаға түсіру, жобалау және мониторингтеу кезінде пайдаланылатын кеңістіктік деректерді алу, өңдеу және өзектендіру үшін заманауи жабдықтар мен бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдалана отырып, геодезиялық, фотограмметриялық және спутниктік жұмыстар кешенін орындау қабілеті. Жоспарлы-биіктік торларын құру, топографиялық түсірілімдер, жерасты және жерүсті нысандарын түсіру, топографиялық түсірілімдер үшін, кеңістіктік-уақыттық деректерді қалыптастыру, жүргізу және жаңарту мақсатында заманауи геодезиялық, фотограмметриялық, картографиялық және спутниктік жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру.
Аэроғарыштық және жерүсті жұмыстар нәтижесінде алынған сандық ақпаратты, соның ішінде спутниктік навигация деректерін өңдеу және интерпретациялау, кәсіби қызметте геоақпараттық жобаларды сүйемелдеу және тақырыптық карталар жасау мақсатында қолдана білу.
6. Картография, геодезия, геология және аумақтық жоспарлау саласындағы қолданбалы мәселелерді шешуде Жер туралы ғылымдардың іргелі білімдерін кеңістіктік талдау мен геоақпараттық модельдеудің заманауи әдістерімен біріктіру мүмкіндігі. Жер туралы ғылымдар саласындағы негізгі және тереңд білімдерге, сондай-ақ қолданбалы мәселелерді шешу үшін пайдаланылатын кеңістіктік талдау бойынша заманауи тұжырымдамалар мен технологиялар туралы мәліметтерді игеру.
7. Заманауи геодезиялық, геоақпараттық және цифрлық технологияларды қолдана отырып, топографиялық-геодезиялық, кадастрлық және картографиялық жұмыстарды орындауға, геокеңістіктік деректерді өңдеуге және инженерлік-геодезиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға қабілетті. Құрылыс, пайдалану, барлау және өндіру салаларында инженерлік тапсырмаларды шешу үшін геодезиялық іздестірулер мен жерүсті лазерлік сканерлеу жүргізу, сонымен қатар нысандардың деформациясын бақылау және олардың техникалық күйін геодезиялық әдістермен бақылау.
Геодезиялық өлшеулер нәтижелерін өңдеу үшін математикалық және статистикалық әдістерді, сонымен қатар олардың дәлдігін бағалауды заманауи ақпараттық технологиялар арқылы қолдану дағдыларын игеру.
Топографиялық-геодезиялық, кадастрлық және картографиялық жұмыстарды орындауда, геокеңістіктік деректерді өңдеуде, объектілерді инженерлік-геодезиялық қамтамасыз етуде және нәтижелердің сапасын нормативтік талаптарға сәйкес қамтамасыз етуде заманауи геодезиялық және геоақпараттық технологияларды қолдану.
8. Геокеңістіктік деректерді құру, талдау және басқару, аумақтардың цифрлық модельдерін, интеллектуалды геоақпараттық жүйелер мен кеңістіктік сервистерді әзірлеу мақсатында геоақпараттық технологияларды, фотограмметрияны, Жерді қашықтан зондтауды (ЖҚЗ) және ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) интеграциялауға қабілетті. Аэроғарыштық және жерүсті түсірілімдер деректерін фотограмметриялық өңдеу, соның ішінде ҰҰА арқылы аэрофототүсірілім жүргізу, ЖҚЗ деректерін өңдеу және табиғи ресурстар мен нысандарды бақылау үшін кеңістіктік өнімдер (карталар, жоспарлар, 3D-үлгілер) жасау.
Геокеңістіктік деректерді құру, интеграциялау, талдау және визуализациялау, геоақпараттық жүйелерді, аумақтардың цифрлық модельдерін және интеллектуалды геокеңістіктік сервистерді әзірлеу мен сүйемелдеу үшін заманауи геоақпараттық технологияларды қолдану.
9. Мониторинг, болжау және кеңістіктік модельдеу мәселелерінде шешім қабылдауға қолдау көрсететін геостатистикалық әдістер мен бағдарламалық құралдарға негізделген үлкен геокеңістіктік деректерді талдау мен түсіндірудің автоматтандырылған жұмыс процестерін жобалау және жүзеге асыру мүмкіндігі. Кеңістіктік деректердің үлкен көлемін (Big GeoData), геостатистиканы және геоөңдеуді автоматтандыруды бағдарламалау тілдерін (Python, SQL, R) пайдалана отырып талдау дағдыларын қолдану.
Модульдік оқу жоспары
Жалпы білімдік пәндер Базалық пәндер Кәсіптік пәндер