Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық

6B11201 - Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Бітірушіні энергияны және ресурстарды үнемдеу, ақпараттық және ГИС-технологиялар негізінде экологиялық және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің замануи әдістері саласында өндірістік-технологиялық, жобалық, ұйымдастыру-басқару және эксперименттік-зерттеу қызметіне дайындау

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

әскери-өнеркәсіптік кешен, индустрия, ауыл және коммуналдық шаруашылық, өндіріс және тұтыну салалар, тіршілік қауіпсіздігі,еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларда қорғану салаларының мемлекеттік органдары, экологиялық қызметтер, экономиканың барлық салалары.
Кәсіби қызмет объектісі:

ақпараттық жүйелер мен оларды құрауыштар, табиғатты құраушы, техногендік, әлеуметтік әсер ететін кәсіпорындар мен ұйымдар; су, жер, биотикалық және өзге де ресурстар; тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды анықтайтын факторлар; төтенше жағдайларда технологиялық жүйелерді, желілерді әзірлеумен, енгізумен және пайдаланумен және қорғаумен айналысатын ұйымдар; өрт, экологиялық, химиялық, радиациялық және басқа да қауіптерді болдырмауға мүмкіндік беретін әртүрлі меншік нысанындағы, жобалау-іздестіру институттары, бюролары, фирмалар мен т. б.
Кәсіби қызмет түрлері:

- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- инновациялық;
- жобалық-технологиялық;
- жобалық-конструкторлық;
- өндірістік-технологиялық;
- эксперименттік-зерттеушілік;
- сервистік-пайдалану және т.б.
Кәсіби қызметінің функциялары:

- тіршілік қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларда қорғау жағдайларын жасау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
- қауіпсіздік техникасы, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша оқыту және нұсқама жүргізу;
- тіршілік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде түрлі жағдайларды бағалау қабілеті. Философиялық және тарихи мазмұндағы ақпаратты қабылдау және талдау дағдыларын, пікірталас пен дау-дамайды жүргізу әдістерін меңгеру. Ойды дұрыс жеткізе білу, әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дәлелді түрде қорғай білу.
2. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті. Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коммуникативті қабілеттерге ие болу. АКТ көмегімен ақпаратты іздеу және өңдеу.
3. Әлеуметтік ортада тұлғаны қалыптастыру және анықтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру қабілеті. Экономикалық-құқықтық және әлеуметтік-мәдени ортада тұтас тұлғаны қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуға ықпал ететін білім мен түсінікті көрсету, сондай-ақ инклюзивтілік қағидаттары мен барлық қатысушылар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді ескере отырып, негізделген шешімдер қабылдау қабілетін таныту.
4. Өндірістік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жобалау қызметін әзірлеу, сұлбаларды, аспаптарды, аппараттар мен жүйелерді жобалау қабілеті. Тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау саласында қолданылатын нормативтік-техникалық құжаттамамен, процестер мен технологияларды, аспаптар мен аппараттарды әзірлеу және жобалау әдістемелерімен, сондай-ақ оларды қолданудың ең жаңа тәсілдерімен жұмыс істеу бойынша білім мен дағдыларды меңгеру; жобалау саласындағы озық әдістер бойынша білімді жетілдіру және оқуға қабілеттілікті арттыру
Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді және экологиялық тәуекелдерді барынша азайтуды қамтамасыз ететін инженерлік-экологиялық ізденістерді ұйымдастыру дағдыларын меңгеру.
5. Қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты ұтымды пайдалануға және тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мақсаттарды қою және ағымдағы міндеттерді қалыптастыру мүмкіндігін ұйымдастыру мен басқару қызметіне қабілеттілік. Инженерлік-экологиялық ізденістердің нормативтік-құқықтық базасы шеңберінде объектінің жай-күйін бағалау және талдау әдістемесін, объектіде еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі бойынша жұмыстар кешенін ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізу және жұмыстарды жоспарлау дағдыларын меңгеру.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін бағалауға бағытталған ішкі аудиттерді дайындау және жүргізу дағдыларына ие болу, сондай-ақ кәсіби тәуекелдерді басқару.
6. өзін-өзі үздіксіз кәсібиі жетілдіру, жаңа кәсіби білім мен іскерлікті игеру, өз бетінше оқуға қабілеті. Ақпаратты жіктеу және өңдеу жүйелерін, ақпаратты іздеу және талдау тәсілдерін білу, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауда оларды қолдану үшін ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін талдауды жүргізу қабілетін; нормативтік-техникалық құжаттама жүйелерімен жұмыс істеу дағдыларын игеру.
Талдау негізінде объектінің қолданыстағы қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлей білу; Табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың заманауи әдістері мен тәсілдерін практикада пайдалану, экологиялық қауіпсіз және қалдықтары аз технологияларды құру, радиациялық-қауіпті жұмыстардың жүргізілуін бақылау.
7. қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі мәселелерін шешуде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану, оңтайландыру және талдау қабілеті Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу барысында ақпараттық жүйелер мен технологияларды, деректер базаларын әзірлеу және енгізуді жүзеге асыра білу; еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заманауи ақпараттық жүйе өнімдерін пайдалану дағдыларын қолдана білу.
Адамды техногендік әсерлерден қорғау жүйелерінің үлгілерін, қоршаған ортаны қорғау технологияларының үлгілерін әзірлей және бағалай білу, өнеркәсіптік объектілердің қауіпсіздігіне сараптама жүргізу дағдыларын меңгеру.
8. энергияны үнемдеу технологиялары негізінде экологиялық және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи әдістерін өндірістік-технологиялық қызметке бағдарлау қабілеті. Жұмысшылардың еңбек функцияларын орындау кезіндегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды объективті тергеуді ұйымдастыра білу.
Инженерлік-экологиялық ізденістер бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, қоршаған ортаның жай-күйін мониторингтеу мен экологиялық бағалаудың заманауи әдістері бойынша білім мен дағдыларды меңгеру; қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу және экологиялық бағалау жүргізу, геоақпараттық технологиялар мен заманауи талдау әдістерін кәсіби міндеттерді шешуде қолдана білу.
Модульдік оқу жоспары
Жалпы білімдік пәндер Базалық пәндер Кәсіптік пәндер