Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық

6B07501 - Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша)

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Бітірушіге таңдаған қызмет саласында табысты жұмыс істеуге және еңбек нарығында тұрақты болуға мүмкіндік беретін кәсіби және жеке құзыреттерді қалыптастыру жолымен салалар бойынша стандарттау және сертификаттау саласында жоғары білікті мамандар даярлау.

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Стандарттау, сертификаттау, өнім сапасын бақылау, нормативтік және техникалық құжаттаманы әзірлеу және өзектендіру, нормативтік құжаттар талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау, сынақ зертханаларын аккредиттеу
Кәсіби қызмет объектісі:

Бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері болып өнімдер (қызметтер), процестер (жұмыстар) және жүйелер; кәсіпорындар мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) жабдықтары; өлшеу, сынау және бақылау әдістері мен құралдары; cтандарттау, сертификаттау, сапа менеджменті, метрология жүйелерінің нормативтік құжаттамасы; ғылыми, өндірістік, әлеуметтік және экологиялық қызметті метрологиялық қамтамасыз ету болып табылады
Кәсіби қызмет түрлері:

- ұйымдастыру-технологиялық;
- есептеу-жобалау;
- эксперименталды-зерттеу.
Кәсіби қызметінің функциялары:

- стандарттарды, нормативтік және нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу, қайта қарау және өзгерістер енгізу;
- сапа менеджменті жүйесін әзірлеу;
- одан әрі сертификаттау мақсатында өндіріс жағдайын талдау және өнім, қызмет және жүйе сапасының тұрақтылығын бағалау, түзету және алдын алу іс-шараларының орындалуын бағалау;
- стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін қадағалау және бақылау.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде түрлі жағдайларды бағалау қабілеті. Философиялық және тарихи мазмұндағы ақпаратты қабылдау және талдау дағдыларын, пікірталас пен дау-дамайды жүргізу әдістерін меңгеру. Ойды дұрыс жеткізе білу, әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дәлелді түрде қорғай білу.
2. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті. Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коммуникативтік қабілеттерге ие болу. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып ақпаратты іздеу және өңдеуді жүзеге асыру.
3. Әлеуметтік ортада тұлғаны қалыптастыру және анықтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру қабілеті. Экономикалық-құқықтық және әлеуметтік-мәдени ортада тұтас тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін білімдерін көрсету, барлық қатысушылар үшін инклюзивтілік пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді ескере отырып, негізделген шешімдер қабылдау.
4. Кәсіби қызмет барысында пайда болатын проблемалардың жаратылыстану-ғылыми мәнін анықтау қабілеті. Кешенді инженерлік қызметте математикалық, жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдар саласында базалық және арнайы білімді қолдану.
5. Стандарттау, сертификаттау және сапа менеджменті саласындағы құқықтық және нормативтік базаны, өнімнің сапасын қадағалау және бақылау жүйесін білу. Кәсіби қызметте нормативтік құжаттарды қолдану, стандарттарға сәйкес құжаттаманы ресімдеу.
6. Әртүрлі техникалық объектілер, өнімдер, процестер мен қызметтер үшін нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу қабілеті. Өндірістегі денсаулықты сақтау, тіршілік қауіпсіздігі және еңбек қауіпсіздігі мәселелерінде, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздік пен орнықты даму қағидаттарын сақтау саласында хабардарлық таныту.
7. Ұйымдастыру-технологиялық қызметке қатысу қабілеті. Заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, кәсіпорынның технологиялық/өндірістік процестерін ұйымдастыруды және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Өнімнің, процестердің және қызметтердің сапасын бақылау үшін Бақылау-өлшеу және сынау техникасын қолдану.
8. Технологиялық процестерді бақылау үшін құрылыс стандарттарын қолдану мүмкіндігі. Шикізат пен дайын өнімнің физикалық-механикалық қасиеттері мен технологиялық көрсеткіштерін анықтау бойынша стандартты сынау әдістерін қолдану, нәтижелерді бағалау.
Нормативтік құжаттарды талдау және түсіндіру, олардың талаптарын құрылыс жұмыстарын жоспарлау, орындау және бақылау барысында қолдану, технологиялық процестердің сапа мен қауіпсіздіктің белгіленген стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету, сондай-ақ бастапқы материалдармен жұмыс жүргізу, құжаттандыру жоспарларын және нормативтік-техникалық талаптарға сәйкес техникалық құжаттаманы әзірлеу.
9. Эксперименттік-зерттеу қызметіне қатысу қабілеті Өнім сапасын талдау, сапаны статистикалық бақылауды ұйымдастыру және технологиялық процестерді басқару тәсілдерін меңгеру.
Өлшемдердің бірлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін метрологиялық бақылауды жүзеге асыруға, стандарттау саласындағы құжаттаманы жүргізуге және өндірістік процестерді жаңғыртуға қатысуға қабілетті.
Модульдік оқу жоспары
Жалпы білімдік пәндер Базалық пәндер Кәсіптік пәндер