Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық

6B04108 - Экономика және менеджмент

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Экономика және басқару саласында кәсіби, аналитикалық, басқарушылық және цифрлық құзыреттерге ие, экономикадағы күрделі әрі серпінді әлеуметтік-экономикалық үдерістерге талдау жүргізуге, бизнес-жоспарлауды, деректерді талдауды, бизнес-процестер мен жобалық қызметті басқаруды жүзеге асыруға, сондай-ақ цифрлық экономика мен тұрақты даму жағдайында тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға қабілетті жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, креативті ойлайтын және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау.

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

- әр түрлі салалар мен меншік нысанындағы ұйымдардың экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және талдау қызметтері;
- қаржылық, несиелік және сақтандыру мекемелері;
- мемлекеттік және муниципалдық билік органдары;
- академиялық және ведомстволық ғылыми-зерттеу ұйымдары;
- жоғары және орта кәсіптік білім беру жүйесінің мекемелері,
- жалпы орта білім беру, қосымша білім беру жүйелері.
Кәсіби қызмет объектісі:

Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметі, олардың шығындары мен қызмет нәтижелері, жұмыс істейтін нарықтар, қаржылық, ақпараттық және цифрлық ағындар, бизнес-процестер, ұйымдардың өндірістік және басқару үдерістері, сондай-ақ экономиканың әртүрлі секторларындағы цифрлық трансформация және тұрақты даму үдерістері болып табылады.
Кәсіби қызмет түрлері:

- ұйымдастыру-технологиялық;
- өндірістік-басқарушылық;
- жоспарлы-экономикалық;
- қаржы-экономикалық;
-ақпараттық-аналитикалық;
- кәсіпкерлік;
- инновациялық-инвестициялық;
- ғылыми-зерттеу;
- білім беру (колледждерде, лицейлерде педагогикалық).
Кәсіби қызметінің функциялары:

- қаржылық, бухгалтерлік, статистикалық, экономикалық және өзге де ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және түсіндіру, сондай-ақ белгісіздік пен тәуекел жағдайында басқарушылық шешімдерді дайындау және негіздеу үшін ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
- заманауи ақпараттық және цифрлық технологияларды пайдалана отырып ұйым қызметін экономикалық есептеу, бизнес-жоспарлау, болжау және модельдеу жұмыстарын жүзеге асыру;
- экономиканың түрлі салаларындағы ұйымдардың қызметіне экономикалық, қаржылық және инвестициялық талдау жүргізу, контроллингті жүзеге асыру және қызмет тиімділігін бағалау;
- бизнес-процестерді талдау және жетілдіру, ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызмет тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
- басқарушылық шешімдерді қолдау үшін бизнес-аналитика, деректерді өңдеу және цифрлық технологиялар құралдарын қолдану;
- ұйымдық даму, цифрлық трансформация және ұйымды басқару жүйесін жетілдіру жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
- ұйымның сыртқы және ішкі ортасын талдау, тәуекелдерді бағалау, бизнестің тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
- инвестициялық, инновациялық және кәсіпкерлік жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
- ұйым бөлімшелерінің қызметін оның стратегиялық даму мақсаттарына сәйкес ұйымдастыру, жоспарлау және үйлестіру;
- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, бәсекеге қабілетті бизнесті құруға және дамытуға бағытталған бизнес-жобаларды әзірлеу және іске асыру.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде түрлі жағдайларды бағалау қабілеті. Философиялық, тарихи және әлеуметтік-саяси мазмұндағы ақпаратты ғылыми және сыни тұрғыдан талдау, академиялық жазу және пікірталас мәдениеті нормаларын сақтай отырып, әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша дәлелді ұстаным білдіру.
2. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті. Мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінде кәсіби, мәдениетаралық және академиялық коммуникацияны жүзеге асыру; АКТ құралдарын пайдалана отырып ақпаратты іздеу, өңдеу және ұсыну, академиялық адалдық қағидаттарын сақтау.
3. Құқықтық білімді, қаржылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздерін, тиімді әлеуметтік бейімделу және әртүрлі әлеуметтік ортада жауапты шешімдер қабылдау үшін бизнес жүргізу және салауатты өмір салты дағдыларын біріктіре отырып, жеке көзқарастар мен құндылықтарды саналы түрде қалыптастыру қабілеті. Құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экономика, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық негіздерін қолдану; экологиялық мәдениет, тұрақты даму, инклюзивтілік, тең мүмкіндіктер және салауатты өмір салты қағидаттарын ескере отырып, әлеуметтік және кәсіби ортада этикалық тұрғыдан негізделген шешімдер қабылдау.
4. Экономикалық үдерістер мен басқарушылық шешімдерді зерттеу, болжау және негіздеу үшін экономикалық талдау, математикалық модельдеу, статистика, эконометрика және цифрлық технологиялар әдістерін қолдану қабілеті. Макроэкономикалық және микроэкономикалық үдерістерді, қаржы жүйелерінің, ақша-кредит саласының, халықаралық нарықтардың және цифрлық экономиканың қызметін талдау, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін бухгалтерлік есеп, салық салу және экономикалық талдау құралдарын қолдану.
Экономикалық ақпаратты жинау, өңдеу, талдау, визуализациялау және болжау үшін математикалық модельдеу, статистикалық талдау, эконометрика, деректерді зияткерлік талдау және цифрлық технологиялар әдістерін қолдану.
5. Ұйым қызметіне кешенді экономикалық, қаржылық және инвестициялық талдау жүргізу, басқарушылық шешімдерді жоспарлау және олардың тиімділігін бағалау қабілеті. Ұйымның материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалау, кәсіпорын қызметіне экономикалық, қаржылық және инвестициялық талдау жүргізу.
Стратегиялық және қаржылық басқарушылық шешімдерді әзірлеу және негіздеу, қаржылық менеджмент, бизнес-жоспарлау және ұйым қызметінің тиімділігін талдау құралдарын пайдалану.
6. Заманауи менеджмент тұжырымдамалары, тұрақты даму қағидаттары және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде персоналды, бизнес-процестерді және ұйымның операциялық қызметін басқару қабілеті. Заманауи менеджмент әдістерін қолдана отырып персоналды басқару, операциялық қызмет және ұйымның тұрақты дамуы саласында басқарушылық шешімдерді әзірлеу, негіздеу және қабылдау.
Ұйымның өндірістік және бизнес-процестерін ұйымдастыру және жетілдіру, кәсіпорынның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін маркетинг, шығындарды басқару және операциялық менеджмент құралдарын қолдану.
7. Бизнес-жоспарлауды жүзеге асыру, жобаларды қаржылық-экономикалық негіздеу, жобалық қызметті және ұйымдық өзгерістерді басқарудың заманауи әдістерін қолдану қабілеті. Заманауи талдау және модельдеу әдістерін пайдалана отырып ұйым қызметі мен жобалардың тиімділігін бағалау, бизнес-жоспарлау және қаржылық-экономикалық негіздеу жұмыстарын жүзеге асыру.
Жобаларды іске асыру және ұйым қызметінің тиімділігін арттыру үшін жобаларды басқару мен ұйымдық өзгерістерді басқарудың заманауи тәсілдерін қолдану.
8. Инвестициялық және инновациялық жобаларды әзірлеу, тәуекелдерді анықтау, бағалау және басқаруды жүзеге асыру, ұйымның тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін заманауи аналитикалық құралдарды пайдалану қабілеті. Инвестициялық және инновациялық жобаларды олардың өмірлік циклі, экономикалық тиімділігі және ұйымның стратегиялық мақсаттарын ескере отырып әзірлеу және негіздеу; жобалық, аналитикалық және бітіру жұмыстарын дайындау кезінде академиялық жазу, зерттеу этикасы және академиялық адалдық қағидаларын сақтау.
Ұйым қызметінің тәуекелдерін анықтау, талдау және бағалау, бизнестің тұрақтылығы мен тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін тәуекел-менеджмент әдістері мен заманауи аналитикалық құралдарды қолдану.
Модульдік оқу жоспары
Жалпы білімдік пәндер Базалық пәндер Кәсіптік пәндер