Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық

6B04106 - Ғылымды қажетсінетін кәсіпорынның қаржыларын басқару

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Инновациялық экономиканы дамыту жағдайында кәсіпорындардың қаржысын басқару саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, креативті ойлайтын, білікті және еңбек нарығында сұранысқа ие дипломдалған мамандарды даярлау

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

- әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың ұйымдарының қаржылық, жоспарлау және шаруашылық қызметтерін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- ғылымды қажетсінетін кәсіпорындардың қаржыларын, олардың ақша ағындарын, инвестициялық қызметті ұйымдастыру және басқару;
- қаржылық операцияларды жүзеге асыру, ұйымдарда жоспарлау, есепке алу және есеп беру, қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалану іс-шараларын әзірлеу, қаржылық менеджменттің тиімділігіне талдау жүргізу
Кәсіби қызмет объектісі:

Түрлі қаржы институттары, әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың, қызмет салаларының, ұйымдық-құқықтық нысандағы қаржы қызметтері
Кәсіби қызмет түрлері:

- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет,
- жоспарлы-қаржылық,
- ақпараттық-аналитикалық,
- инновациялық,
- жобалау-зерттеу
Кәсіби қызметінің функциялары:

- есептік және статистикалық ақпаратты жинау, деректерді өңдеу және оны басшылармен, инвесторлармен, кредиторлармен, сыртқы және ішкі пайдаланушылармен пайдалануға дайындау;
- қаржыландыру, кредит беру, қарыз алу, баға белгілеу, инвестициялау, өндіріс әдістері бойынша баламалы шешімдерді талдау және бағалау;
- кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін басқару және бақылау;
- құрылымдық бөлімшелерде қаржыны тиімді ұйымдастыру, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінде қаржылық менеджментті қолдану;
- қаржылық тәуекелдерді басқару және мониторинг;
- кәсіпорынның бағалы қағаздар портфелін басқару және оның құрылымын оңтайландыру
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде түрлі жағдайларды бағалау қабілеті. Философиялық және тарихи мазмұндағы ақпаратты қабылдау және талдау дағдыларын, пікірталас пен дау-дамайды жүргізу әдістерін меңгеру. Ойды дұрыс жеткізе білу, әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дәлелді түрде қорғай білу.
2. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті. Қазақ, орыс және шет тілдерінде кәсіби және академиялық коммуникацияны жүзеге асыру; заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып ақпаратты іздеу, сыни бағалау, өңдеу және ұсыну; академиялық мәтіндерді дайындау және ресімдеу кезінде академиялық жазылым нормаларын қолдану.
3. Әлеуметтік ортада тиімді әрекет ету, салауатты өмір салты, инклюзивтілік, әлеуметтік жауапкершілік және адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарын ұстану қабілеті. Экономикалық-құқықтық және әлеуметтік-мәдени ортада жан-жақты тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін білімді көрсету, инклюзивтілік пен баршаға тең мүмкіндіктерді ескере отырып негізделген шешімдер қабылдау.
Жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің сақталуы, дамуы және тиімді қызмет етуі үшін әлеуметтік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерін қолдану.
4. Ұлттық және әлемдік экономиканың дамуындағы негізгі үрдістерді анықтау, кәсіпорындағы бизнес-үдерістерді басқару дағдыларын меңгеру Экономика, менеджмент, есеп, қаржы салаларындағы ұғымдар мен санаттарды қолдану және жаһандық әрі өңірлік экономикалық үдерістерді талдау.
Кәсіби қызметте ұйымдастырушылық-басқарушылықты қабылдау және олар үшін жауапкершілік алу
5. Деректерді жинау, талдау және өңдеуді жүзеге асыру қабілеті, алынған нәтижелерді талдау және мазмұнды түсіндіру Экономикалық-математикалық әдістерді пайдалана отырып статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу дағдыларын меңгеру.
Қаржылық-экономикалық ақпаратты өңдеу, негіздеу және нәтижелерді түсіндіру үшін заманауи цифрлық технологияларды, жасанды интеллект құралдарын және деректерді талдау әдістерін қолдану.
6. Кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық талдауын жүргізу, қаржыны басқарудың өзіндік әдістері және қаржылық шешімдер қабылдау мүмкіндігі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша ағындарын, қаржылық ресурстарын және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін басқару дағдыларын меңгеру.
Меншік нысанына қарамастан ұйымдардың қаржылық талдауын жүргізіп, оның нәтижелерін тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау үшін пайдалану.
7. Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі ұйымдастырушылық - қаржылық және басқарушылық қолдауды жүзеге асыру мүмкіндігі ҒЗТКЖ нәтижелерін коммерциализациялау мақсатымен жаңа түрлері мен ғылыми өндірісті ұйымдастыру әдістерін қолдану.
Кәсіпорынның инновациялық даму бағдарламасын қалыптастыру және оның іске асырылуын қамтамасыз ету, тұрақты даму, экологиялық жауапкершілік, ресурстарды ұтымды пайдалану, әлеуметтік жауапкершілік және инклюзивтілік қағидаттарын ескере отырып, инновациялық қызметті қаржыландыру қажеттілігін негіздеу.
8. Жоспардың қаржы бөлімдерін дайындау үшін қажетті есептеулерді жүргізіп, оларды ақтайды және нәтижелерді стандарттарға сәйкес ұсыну Ғылымды қажетсінетін өндірістерді мемлекеттік қолдау тетіктерін ескере отырып, инновациялық қызметті қаржыландырудың оңтайлы құралдарын таңдау.
Қаржылық және өзге де есептілік деректерін талдау, тиімділік пен тәуекел өлшемдерін ескере отырып басқарушылық шешімдердің баламаларын сыни бағалау, дәйексөз келтіру және дереккөздерді ресімдеу талаптарын, академиялық адалдық, ашықтық, кәсіби этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қағидаттарын сақтай отырып, талдамалық және зерттеу материалдарын дайындау.
9. Қаржылық тәуекелдерді төмендету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру, қаржылық шығындарды азайту үшін ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау қабілеті Кәсіпорын шығындарын анықтау және бағалау, қаржылық нәтижелерді арттыру факторы ретінде шығындарды басқару жүйесін қалыптастыру.
Оңтайлы инвестициялық портфель қалыптастыру және қаржылық инвестициялар тәуекелдерін азайту үшін қор нарығының қаржы құралдарын пайдалану.
Модульдік оқу жоспары
Жалпы білімдік пәндер Базалық пәндер Кәсіптік пәндер