Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық

6B07311 - Инженерлік жүйелер мен желілер

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Өнеркәсіптік дамудың қазіргі заманғы жағдайларында ғимараттар мен елді мекендердің инженерлік жүйелері мен тіршілікті қамтамасыз ету желілерін жобалау, салу, пайдалану және жөндеу саласында жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Үймереттер мен елді мекендердің инженерлік жүйелері мен желілерін жобалау, салу, жөндеу және пайдалану саласы.
Кәсіби қызмет объектісі:

Әртүрлі мақсаттағы үймереттер мен елді мекендерге арналған инженерлік жүйелер мен тіршілікті қамтамасыз ету желілері: жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, ағынды суларды бұру, жылыту, желдету, ауаны баптау, шаң мен газ шығарындыларын тазарту.
Кәсіби қызмет түрлері:

Үймереттер мен елді мекендердің инженерлік жүйелерін және тіршілікті қамтамасыз ету желілерін жобалау, салу, пайдалану және жөндеу
Кәсіби қызметінің функциялары:

- кәсіби нысандарды жобалауға арналған инженерлік есептеулер;
- кәсіби нысандарды салу және орнатуды ұйымдастыру және басқару;
- кәсіби нысандарды пайдалануды ұйымдастыру және басқару;
- кәсіби нысандарды жөндеу процесін ұйымдастыру және басқару;
- кәсіби нысандарға арналған техникалық құжаттаманы әзірлеу.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде түрлі жағдайларды бағалау қабілеті. Философиялық және тарихи мазмұндағы ақпаратты қабылдау және талдау дағдыларын, пікірталас пен дау-дамайды жүргізу әдістерін меңгеру. Ойды дұрыс жеткізе білу, әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дәлелді түрде қорғай білу.
2. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті. Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коммуникативті қабілеттерге ие болу. АКТ көмегімен ақпаратты іздеу және өңдеу.
3. Әлеуметтік ортада тұлғаны қалыптастыру және анықтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру қабілеті. Кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде құқықтық және этикалық нормаларды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, академиялық адалдық және инклюзивтілік қағидаттарын сақтау.
4. Жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы білімді интеграциялау негізінде кәсіби мәселелерді шеше білу қабілеттілігі. Ғимараттар мен құрылыстардың инженерлік жүйелері мен желілерін есептеу, жобалау, салу және пайдалану кезінде математика, жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы білімді қолдану.
5. Кәсіби қызмет нысандарының инвестициялық тартымдылығын арттыру шараларын әзірлеу қабілеттілігі. Кәсіби қызметте шығындарды бағалау және шешімдерді экономикалық негіздеу үшін экономика, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық саласындағы білімді қолдану.
6. Кәсіби қызмет объектілерін жобалау және монтаждау кезінде ұйымдастыру жұмыстарын және ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру қабілеті. Инженерлік жүйелер мен желілерді жобалау және ақпараттық модельдеу үшін деректерді қалыптастыру және өңдеу бойынша міндеттерді шешу.
Инженерлік жүйелер мен ғимараттарды салу кезінде құрылыс материалдарын таңдау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің заманауи технологияларын қолдану.
7. Кәсіби қызмет объектілерін жобалауды, құрастыруды және пайдалануды іске асыру қабілеттілігі. Суды өңдеу мен тасымалдаудың заманауи технологияларын қолдана отырып, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жобалау, оларды монтаждауды, баптауды, пайдалануды және жөндеуді қамтамасыз ету, техникалық құжаттаманы әзірлеу.
Заманауи технологиялар негізінде жылу техникалық мақсаттағы инженерлік жүйелер мен желілерді жобалау, оларды монтаждауды, баптауды, пайдалануды және жөндеуді қамтамасыз ету, техникалық құжаттаманы әзірлеу.
Заманауи технологиялар негізінде желдету, ауаны баптау және газбен жабдықтау инженерлік жүйелері мен желілерін жобалау, оларды монтаждауды, баптауды, пайдалануды және жөндеуді қамтамасыз ету, техникалық құжаттаманы әзірлеу.
Модульдік оқу жоспары
Жалпы білімдік пәндер Базалық пәндер Кәсіптік пәндер