Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық

7M07209 - Металлургия

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Тереңдетілген кәсіптік даярлығы бар, процестерді компьютерлік модельдеу, өндірістерді жаңғырту және табиғи мен техногендік шикізатты кешенді қайта өңдеудің ресурстық үнемдеуші технологияларын әзірлеу бойынша практикалық дағдыларды меңгерген Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия секторы үшін басқарушы кадрлар мен жоғары білікті мамандарды даярлау.

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Металлургия саласындағы металдарды алу мен өңдеуге, технологиялық процестерді оңтайландыруға, цифрлық технологияларды енгізуге, модельдеуге, өндірістің экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған өндірістік, технологиялық және инженерлік қызмет.
Кәсіби қызмет объектісі:

Қара және түсті металлургияның өнеркәсіптік кәсіпорындары, тау-кен металлургия кешендері, өндірістік және машина жасау бөлімшелері, сондай-ақ зауыттық зертханалар.
Кәсіби қызмет түрлері:

- өндірістік-технологиялық;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
- есептік-жобалық.
Кәсіби қызметінің функциялары:

- сандық құралдар мен модельдеу әдістерін қолдана отырып, заманауи өндірістік мәселелерді шеше алатын, металлургиялық процестерді талдап, оңтайландыратын мамандарды дайындау;
- өндірістік қызметті ұйымдастыра және басқара алатын, металлургиялық кәсіпорындарда жаңа технологияларды жаңартуға және енгізуге қатыса алатын мамандарды дайындау.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Өндірістік ұжымдарды, жаңғырту процестерін басқару және металлургияда стратегиялық шешімдер қабылдау қабілеті. Саланы цифрландыру жағдайында өндірістік ұжымдардың қызметін ұйымдастыра алады және металлургиялық учаскелерді техникалық жаңғырту жоспарларын әзірлей алады.
Кадрлық тәуекелдерді бағалау и өндірістегі жанжалдарды жедел шешу үшін менеджмент технологияларын және өндірістік психология принциптерін қолдана алады.
2. Халықаралық ғылыми және өндірістік коммуникацияны жүзеге асыру, жобаларды қорғау және шет тілінде құжаттама жүргізу қабілеті. Шет тілінде патенттік құжаттарды, халықаралық технологиялық регламенттерді және балқыту нәтижелері бойынша техникалық есептерді құрастыра және рәсімдей алады.
Шет тілінде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін таныстыра алады және металлургиялық объектілерді жаңғыртудың әзірленген инженерлік жобаларын қорғай алады.
3. Өтпелі цифрлық материалтану, жаңа қорытпаларды симуляциялау және конструкциялау әдістерін қолдану қабілеті.
Прогнозировать фазовый состав, стабильность кристаллических решеток и свойства сплавов нового поколения с использованием методов компьютерного конструирования.
4. Мамандандырылған инженерлік БЖ қолдана отырып, реакторлардағы күрделі металлургиялық процестерді модельдеу қабілеті.
Жаңа технологиялық желілерді жобалау және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту кезінде металлургиялық реакциялардың термодинамикалық және кинетикалық көрсеткіштерін болжау.
5. Цехтарға техникалық аудит жүргізу және балқыту және гидрометаллургиялық кешендерді жедел басқаруды жүзеге асыру қабілеті. Берілген пайдалану қасиеттері бар жоғары технологиялық металл материалдары мен қорытпаларын өндіру үшін заманауи технологиялық жабдықтарды және термиялық өңдеу режимдерін таңдау.
Бейінді өндірістердің ерекшелігі мен технологиялық регламентіне сәйкес сирек, сирек кездесетін металдарды гидрометаллургиялық алу және титан құрамды шикізатты қайта өңдеу процестерінің параметрлерін оңтайландыру.
Модульдік оқу жоспары
Базалық пәндер Кәсіптік пәндер Қосымша оқу түрлері