Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық

7M06102 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету


(Қос дипломды ББ - "Мәскеу инженерлік-физикалық институты" Ұлттық ядролық зерттеу университеті)-
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Қазақстан Республикасының цифрлық экожүйесін дамыту үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау мен әзірлеудің заманауи құралдарын, әдіснамалары мен технологияларын қолдана отырып, кәсіби қызметтің инновациялық міндеттерін шешуге қабілетті, отандық және әлемдік IT-нарықтар саласында теориялық, практикалық және ғылыми білімі бар есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы магистрлерді даярлау.

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Ғылым, білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, түрлі қызмет саласындағы кәсіпорындар.
Кәсіби қызмет объектісі:

– Ғылыми-зерттеу мекемелері;
- заманауи АТ-компаниясы;
- оқу орындары;
- жобалық ұйымдар;
- өнеркәсіптік кәсіпорындар;
- қаржылық ұйымдар және т. б.
Кәсіби қызмет түрлері:

- ғылыми-зерттеу;
- педагогикалық;
– жобалық;
- өндірістік-технологиялық;
– ұйымдастырушылық-басқарушылық.
Кәсіби қызметінің функциялары:

Жүктемесі жоғары қосымшаларды әзірлеу бойынша маман («Нақты уақыттағы жүктемелерді және қосымшаларды әзірлеу» КС); DataMining бойынша маман, машиналық оқыту бойынша маман («Үлкен деректерді өңдеу және сақтау жүйелерін әзірлеу» КС); қауіпсіздікті сақтау сұрақтары бойынша маман (АКТ) («Ақпараттық инфрақұрылым мен АТ қауіпсіздігін қамтамасыз ету» КС); ақпараттық жүйелер әкімшісі («Желі, жүйе және сервер әкімшілері» КС); ИТ-инфрақұрылымы архитекторы («Компьютерлік жүйелердің инфрақұрылымы» КС); бұлтты есептеу бойынша маман («Бұлтты технологиялар бойынша әзірлеу» КС); оқытушы, зерттеуші, жоба жетекшісі, біліктілігіне сәйкес басқа лауазымдар.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерді талдау мен бағалауда жүйелі ойлау, зерттеу және практикалық міндеттерді шешу кезінде жаңа идеяларды тудыру. Философия саласындағы негізгі мәселелерді анықтау және ғылым әдіснамасының рөлін сипаттау; АТ саласындағы қазіргі заманғы өзекті әдістемелік, әдіснамалық мәселелерді сипаттау
Философия және ғылым әдіснамасы саласындағы білімді қолдану
Ғылыми зерттеудің заманауи әдістерін қолдану, Интернет желісінде, ғылыми және мерзімді әдебиеттерде зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетелдік тәжірибенің ғылыми-техникалық ақпаратын жинау және талдау, ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ ғылыми және кәсіби қызметте басқарудың психологиялық аспектілерін ескеру
2. Бағдарламаның дұрыстығы мен сапасын бағалау үшін верификациялаудың қазіргі заманғы әдістері мен құралдарын қолдану қабілеті Бағдарламалық қамтамасыз етудің сапасын талдау, бағдарламалық кодты верификациялау және қосымшалар мен IoT құрылғыларын тестілеу, сондай-ақ техникалық құжаттамаға сәйкестігін тексеріп, бағдарламалық қателерді анықтап жою
3. Кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде шет тілдерін еркін пайдалану қабілеті Шет тіліндегі кәсіби терминологияны қарым-қатынаста және ғылыми жұмыстар жазуда қолдану, ғылыми мәтіндерді талдау және түсіндіру, халықаралық ғылыми ортадағы мәдени ерекшеліктерді түсіну
4. Білім беру концепцияларын жүйелі талдау және таңдау қабілеті Жоғары мектептегі педагогика және психология бойынша базалық білімді меңгеру, жоғары білімнің замануи парадигмасын сипаттау
5. Модельді құру үшін әдістерді таңдаудың дұрыстығын дәлелдеу, эксперименталды деректер мен алынған шешімдердің нәтижелерін талдау, алынған нәтижелерді көрсету және сауатты түсіндіру қабілеті Машиналық оқыту әдістерінің негіздерін, өңдеудің математикалық әдістерін, ғылыми және кәсіби зерттеулердің нәтижелерін талдау мен синтездеуді қолдану
Ғылыми және кәсіби зерттеулердің нәтижелерін заманауи өңдеу әдістерінің негізінде талдау және синтездеуді ұйымдастыру, ғылыми және кәсіби зерттеулер жүргізу
Бәсекеге қабілетті идеялар мен инновациялық міндеттерді әзірлеу, оларды іске асыру үшін тиімді әдістерді қолдану
6. Қазіргі ақпараттық технологиялардың әдіснамалық негіздерінде ақпараттық процестер мен жүйелерді сипаттау және дамыту, деректерді алу, талдау, өңдеу әдістері мен құралдарын қолдану қабілеті. Ғылыми және қолданбалы мәселелерді шешу үшін ақпараттық жүйелерді жүйелік талдау және модельдеу дағдыларын қалыптастыру, интеллектуалды жүйелерді жобалау және іске асыруда деректерді талдау және машиналық оқыту әдістерін қолдану
7. Ақпараттық қызметтерді құру және пайдалану процестерін басқару, контентті басқару жүйелерін бейімдеу үшін бағдарламалық жасақтама мен жасанды интеллекттің заманауи технологияларын қолдану қабілеті Инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін жасанды интеллектті қоса алғанда, жүйелерді әзірлеп, бағдарламалық шешімдерді пайдалану
8. Нақты уақыт жүйелерінің қызмет ету алгоритмдері мен әдістері, архитектурасы білімін пайдалану қабілеті Нақты уақыт жүйесі бағдарламаларын әзірлеу кезінде жүйелік құралдарды қолдану, нақты уақыт жүйесінің сипаттамалары мен тиімділік көрсеткіштерін есептеу және талдау
9. Есептеу процестерінің сенімділігі, ауқымдылығы және қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып, жоғары өнімді бағдарламалық-аппараттық кешендерді жобалау, әзірлеу және оңтайландыру қабілеті Бағдарламалық жүйелердің өнімділігі мен тұрақтылығына қойылатын заманауи талаптар контекстінде деректер мен есептердің параллелизмін қамтамасыз ететін параллельді және көп ағынды қосымшаларды .NET Framework платформасында әзірлеу және жөндеу әдіснамасын практикада қолдану
WCF API-интерфейстерінің көмегімен бөлінген жүйелердің компоненттерін жобалау технологиясын қолдану
10. Комбинациялық құрылғыларды әзірлеу мақсатында заманауи логикалық интегралды схемаларды қолдану қабілеті Қарапайым шифратор, мультиплексорларды және шекті автоматтарды - комбинациялық құрылғыларды, сандық құрылғыларды бағдарламаланатын логикалық интегралды схемада модельдеу және әзірлеу
Модульдік оқу жоспары
Базалық пәндер Кәсіптік пәндер Қосымша оқу түрлері