Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіндегі Phd докторантураның жетістігі

Мамандарды дайындаудың «бакалавр-магистр- PhD докторы» үш сатылы моделіне ауысуына байланысты Қазақстанда жоғары білікті кадрларды дайындауға ерекше көңіл бөлуде, өйткені кадрларды кәсіби дайындау Республика мемлекеттік саясатының негізгі бағыттары қатарына жатқызылады.

Қазіргі таңда Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті докторантура мамандықтарының жеті бағыты бойынша лицензия алған: 6D060100 - Математика, 6D070200 – Автоматтандыру және басқару, 6D070300 – Ақпараттық жүйелер, 6D070600 - Геология және пайдалы кен орындарын барлау, 6D070900 - Металлургия, 6D071200 - Машинажасау, 6D072300 - Техникалық физика. Бүгінгі күнде университетте 50 докторант білім алуда: оның 10 докторанты 1 курста, 17 докторанты -2 курста және 23 докторанты үшінші тәмамдайтын курста оқиды.

Тау-кен – металлургия факультетінде 19 докторант оқиды, оның ішінде 6D070900 -Металлургия мамандығы бойынша – 11 адам, 6D070600 - Геология және пайдалы кен орындарын барлау мамандығында 8 докторант оқиды.

Машинажасау және көлік факультетінде 14 докторант оқиды, оның ішінде 6D072300 - Техникалық физика мамандығы бойынша – 8 адам, 6D071200 -Машинажасау мамандығында 6 докторант оқиды.

Ақпаратттық технология және энергетика факультетінде 17 докторант оқиды, соның ішінде 6D070300 –Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша – 9 адам, 6D060100 -Математика мамандығында - 6 адам, 6D070200 – Автоматтандыру және басқару мамандығында 2 докторант оқиды.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті басқа да жоғары оқу орындарына арнаулы дайындықпен PhD философия докторы – яғни жоғары санатты мамандар дайындау үстінде, атап айтсақ екі докторант 6D070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тапсырысы бойынша білім алуда, ал бір докторант 6D071200 – Машинажасау мамандығына бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің тапсырысы бойынша біздің университетте білім алуда.

2013 жылы университет PhD философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын сәтті қорғаған екі докторантты шығарды: 2013 жылдың 27 қарашада әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанында құрылған диссертациялық Кеңесте «Техникалық физика» кафедрасының аға оқытушысы, 6D072300 - Техникалық физика мамандығы докторантурасының 2013 жылғы түлегі – Г.Қ.Уәзірханова докторлық диссертациясын қорғады (отандық ғылыми кеңесші: ф-м.ғ.д., профессор М.Қ.Сқаков, шетелдік ғылыми кеңесші: инженерия докторы, Отто-фон-Гуэрике атындағы Университетінің профессоры Майкл Шеффлер (Магдебург қаласы, Германия). 2013 жылдың 20 желтоқсанда «Математикалық және компьютерлік үлгілеу» кафедрасының аға оқытушысы, ақпараттық жүйелер кафедрасының 6D070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығының 2013 жылғы докторантура түлегі С.С.Смаилова Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті жанында құрылған диссертациялық Кеңесте докторлық диссертациясын қорғады (отандық ғылыми кеңесші: т.ғ.д., профессор А.И.Квасов, шетелдік ғылыми кеңесші: Dr.hab.inz., Люблин политехникалық университетінің профессоры Войчик Вальдемар (Люблин қаласы, Польша).

Қазақстан Республикасы 2014 ж. жас ғалымдары мемлекеттік ғылыми шәкірақысының иегерлері болып біздің университеттің екі докторанты атанды, олар: 6D070600 - Геология және пайдалы кен орындарын барлау мамандығының 3 курс докторанты Н.А.Зимановская (отандық ғылыми кеңесші: г-м.ғ.к. О.Д.Гавриленко) және 6D072300 - Техникалық физика мамандығының 3 курс докторанты Б.Қ.Рахаділов (отандық ғылыми кеңесші: ф-м.ғ.д., профессор М.Қ.Сқаков).