Тілдік пәндер онкүндігі аясында шынайы сиқырға толы кеш — Әдеби кейіпкерлер балы өтті
Бұл кеште «Арман мен Махаббат залы» түрлі дәуірлердің рухымен тыныстады. Кітап беттеріндегі кейіпкерлер тіріліп, классика әлемі бізге бір қадам жақындай түсті.
Вальс әуенімен сахна төрінде қауышты:
- Евгений Онегин мен Татьяна Ларина
- Андрей Болконский мен Наташа Ростова
- Анна Каренина мен Алексей Вронский
- Мастер мен Маргарита
- Ромео мен Джульетта
Махаббат, ар-намыс, адалдық — бұл кеште жай сөз емес, жүрекпен сезілген шынайы құндылықтарға айналды.
Көзқарастар, сырлы сөздер, баяу қалықтаған вальс…
Классика тіріліп, жүрекке жақын, әсерлі әлемге айналды.
Кеш соңында кейіпкерлер мен ұстаздар ортақ вальс билеп, ұстаздарға деген шексіз алғысын білдірді