Университеттің студенттік театры — актерлік шеберлікті, сахналық сөйлеуді, пластиканы және көркемдік ойлауды дамытуға қызығушылық танытатын білім алушыларды біріктіретін шығармашылық кеңістік. Театр студенттердің шығармашылық әлеуетін ашуға, өзін-өзі еркін білдіру мәдениетін қалыптастыруға, коммуникативтік дағдылар мен эстетикалық талғамды дамытуға ықпал етеді. 

Студенттік театрға қатысу жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға, ұжымда жұмыс істей білуге, жауапкершілік пен тәртіпті нығайтуға ықпал етеді, сондай-ақ студенттердің мазмұнды бос уақытын ұйымдастыру мен өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасайды.

Соңғы өзгерістер күні:
15.01.2026