Мансап орталығы

ОРТАЛЫҚ МИССИЯСЫ- білім алушыға, түлекке, маманға өмір бойы білім беру принципі бойынша тиімді мансап жолын қалыптастыру және жүзеге асыру.

ОРТАЛЫҚ МІНДЕТІ:

  • Білім алушының, түлектің, маманның мансаптық өсуіне және кәсіби өсуіне ықпал ететін тиімді жүйені құру; түлектің, маманның еңбек нарығына сәйкес кәсіби дағдыларын және қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

ОРТАЛЫҚ мақсаттары:

  • Жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізу, ынтымақтастық, іс-тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу туралы, сонымен қатар мамандарды мақсатты даярлау саласында келісімшарттар жасау.
  • Білім алушылар мен түлектерді жұмысқа орналастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (мамандар жәрмеңкесі, жұмыс беруші компаниялардың презентациялары, қонақ дәрістері және т.б.)
  • Кәсіпорындардың мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында курстар мен семинарлар ұсыну.
  • Түлектердің мансабының дамуын қадағалау үшін байланысты орнату, қолдау және дамыту.
  • Университет түлектеріне мансаптық жоспарларын жүзеге асыруға көмек көрсету;
  • Түлектердің кәсіби дағдылары мен қабілеттерін дамыту, сондай-ақ оларды еңбек нарығына сәтті бейімдеу үшін дайындық курстар мен семинарлар ұйымдастыру;
  • Еңбек нарығы талап ететін білім алушылардың жеке құзыреттіліктерін дамыту бойынша арнайы тренингтер, курстар, семинарлар мен шеберлік сыныптарын ұйымдастыру және өткізу; компанияларда кәсіби іріктеуден өтуге дайындық, түйіндеме жазуға кеңес беру, сұхбаттасу, психологиялық бағдар немесе басқа қызмет саласына бейімдеу;
  • Білім алушылармен ақпараттық, кәсіптік бағдар беру және мансапты жоспарлау бойынша жұмыс жүргізу;
  • Жұмысқа орналасуға көмек көрсету және түлектердің мансаптарының ары қарай дамуын бақылау.
  • Еңбек нарығына зерттеу жүргізу және білім алушыларға нарық болжамдарын және жұмыс берушілердің талаптары туралы ақпаратты беру;
  • Еңбек нарығының қажеттіліктерін болжауға сәйкес мамандық (мамандандыру) таңдауға көмек;
  • Мамандандыруды одан әрі таңдауға байналысты оқыту тракеториясын таңдауға көмек;
  • Іс-тәжірибе өтетін орынды таңдауға көмек.