ERASMUS+: EduFusion

Тұрақты даму үшін Edu-Fusion желісі

 

Жобаның ұзақтығы: 2023 жылғы 1 қараша – 2026 жылғы 30 қазан

Бюджет: 708 874 еуро

Жоба туралы жалпы мәлімет

Edu-Fusion — Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған кешенді бастама. Жобаның негізгі мақсаты — оқу нәтижелерін еңбек нарығының сұранысына сәйкестендіру, тұрақты экономикалық өсуді және жұмыс орындарын құруды ынталандыру.

Жоба индустрия мен академия арасындағы ынтымақтастықты нығайтатын, оқытушыларды халықаралық стандарттарға сай даярлайтын және еңбек нарығына сай онлайн курстар ұсынатын экожүйе қалыптастыруды көздейді.

Жоба серіктестері
  • Instituto Politécnico do Porto (Португалия)
  • Universidad de Vigo (Испания)
  • ENTER Educators Professional Development LDA (Португалия)
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті
  • Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
  • Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
  • Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
  • Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Орталық Азия қауымдастығы
  • Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
Жобаның мақсаттарыа
  • Жоғары білім беру нәтижелерін еңбек нарығының өзгеріп жатқан талаптарымен сәйкестендіру
  • Кәсіпкерлікті дамыту арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету
  • Академия мен индустрия арасындағы серіктестікті күшейту
  • Оқытушыларды халықаралық деңгейде даярлау және сертификаттау
  • STEAM және кәсіпкерлік салаларында онлайн курстар ұсыну арқылы еңбек нарығына бейімділікті арттыру
Күтілетін нәтижелеры
  1. Академия мен индустрия арасындағы ынтымақтастық порталы (AICP)
    ЖОО мен бизнес секторы арасындағы серіктестікке арналған цифрлық платформа. Ол бірлескен зерттеулерді, жобаларды және тағылымдамаларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді, кәсіпкерлік пен құн тізбегін дамытуға қажетті дағдыларды қалыптастырады.
  2. Оқытушыларды дамыту және қолдау жүйесі (TDSS)
    Оқытушыларға арналған халықаралық аккредитацияланған кәсіби даму жүйесі. Бұл жүйе заманауи оқыту әдістеріне, инклюзивті педагогикаға және кәсіби біліктілікті арттыруға бағытталған.
  3. STEAM және кәсіпкерлік бойынша виртуалды академия (VSEA)
    STEAM және кәсіпкерлік салалары бойынша аккредиттелген онлайн курстарды ұсынатын виртуалды академия. Бағдарламалар гендерлік теңдік пен климаттық бейтараптық қағидаттарын сақтай отырып, еңбек нарығының қажеттіліктеріне толықтай жауап береді.
EduFusion не үшін маңызды

EduFusion инновациялар, инклюзивтілік және халықаралық сапа стандарттарына негізделген білім беру үздік тәжірибелеріне адалдығымен ерекшеленеді. Жоба Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің тұрақты дамуына үлес қосатын заманауи академиялық ортаны қалыптастыруға бағытталған.

Пайдалы сілтемелер

  • Жобаның ресми сайты: edufusion-nsg.com
  • Erasmus+ Қазақстан ұлттық кеңсесі: erasmus.kz
  • Білім беру және мәдениет жөніндегі Еуропалық атқарушы агенттік (EACEA): eacea.ec.europa.eu

Жоба Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылады.

Бұл материалда келтірілген пікірлер мен көзқарастар тек автор(лар)ға тиесілі және Еуропалық Одақтың немесе Білім беру және мәдениет жөніндегі Еуропалық атқарушы агенттіктің (EACEA) ресми ұстанымына сәйкес келмеуі мүмкін. Еуропалық Одақ пен EACEA бұл мазмұн үшін жауапты емес.

Соңғы өзгерістер күні:
17.11.2025