Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті КЕАҚ бакалавриат, магистратура және докторантураға құжаттарды қабылдау «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығына (өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес жүзеге асырылады.
Есепті кезеңде білім берудің барлық деңгейлері бойынша барлығы 4302 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының бағдарламасы арқылы — 1316;
- ҚР жоғары білімнің бірыңғай платформасы epvo.kz арқылы — 470;
- Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің vko-abiturient.kz платформасы арқылы — 238;
- Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ «Абитуриент» ақпараттық жүйесі арқылы — 2278.
Жоғары оқу орнында (бакалавр) мамандар даярлауды көздейтін жоғары білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша өтініштерді қабылдау
- жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру базасында күнтізбелік жылдың – 20 маусымнан 25 тамызына дейін;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру: магистратура бойынша жоғары білім негізінде күнтізбелік жылдың 15 тамызынан 28 тамызына дейін;
- докторантура бойынша магистратураның ғылыми-педагогикалық бағыты негізінде күнтізбелік жылдың 15 тамызынан 28 тамызына дейін жүзеге асырылды.
2025 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті КЕАҚ бакалавриатына - 1829, магистратураға – 267, докторантураға – 57 адамға оқуға құжат қабылдау қызметін көрсетті.
| Білім деңгейі | 2021 ж. | 2022 ж. | 2023 ж. | 2024 ж. | 2025 ж. |
|---|---|---|---|---|---|
| Бакалавриат | 1451 | 1408 | 1590 | 1614 | 1829 |
| Магистратура | 260 | 137 | 112 | 198 | 267 |
| Докторантура | 21 | 17 | 13 | 41 | 57 |
| Барлығы | 1732 | 1562 | 1715 | 1853 | 2153 |
| Оның ішінде ШҚО | 1212 | 1093 | 1200 | 1297 | 1507 |
21.11.2025