Қызметкерлермен жұмыс істеу бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтарын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативті құқықтық кесімдерін басшылыққа алады.
Бөлім құрамында жұмыс істейді:
- Родионова Нина Тимофеевна - қызмет көрсететін жұмыскерлермен кадрлық жұмысты жүргізетін инспектор;
- Лыкасова Татьяна Анатольевна - профессор-оқытушылар құрамымен кадрлық жұмысты жүргізетін инспектор;
- Шабалина Наталья Алексеевна - студенттер мен қызметкерлерді әскери есепке алу жөніндегі маман, запастағы әскери міндеттілерді және әскери қызметке дейінгі жастағы адамдарды есепке алу үшін жауапты;
- Құрманғалиева Гүлнұр Төлеуғазықызы - ғылыми тақырып және шетел дәріскерлерін тарту бойынша жұмыс істейтін қызметкерлермен кадрлық жұмысты жүргізетін, сонымен қатар кадрлық құжаттарды мемлекеттік тілге аударатын маман.
Бөлімнің негізгі міндеттерінің бірі кадрларды басқару жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету, екі іліктес бөлікке бөлінеді, атап айтқанда, кадрлық міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін кадрлық құжаттарды құру үдерісін және кадрлық құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру болып табылады.
Қызметкерлермен жұмыс істеу бөлімінің атқаратын неғұрлым маңызды міндеттері:
- еңбек шарттарын жасасу және жұмысқа қабылдауды ресімдеу;
- жұмыс жағдайының өзгеруін ресімдеу;
- жұмыскерлерге демалыстар беруді ресімдеу;
- жұмыскерлердің көтермеленуін ресімдеу;
- жұмыскерлерге тәртіптік шара қолдануды ресімдеу;
- жұмыскерлердің аттестатталуын ресімдеу;
- қызметтік іссапарларды ресімдеу;
- жұмыстан шығаруды ресімдеу.
Бүгінгі таңда кадрлық қызметкерлерге маңызды мақсаттар артылады, мәселелерді шешу үшін кәсіби дағдылармен, барлық заңнамалық өзгерістерде хабар болу, заманауи ақпараттық технологияларды жетік игеру қажет. Сондықтанда бөлімнің жұмысы құжаттармен жұмыс істеудің жаңа технологиялары енгізілуі негізінде әр-қашанда жетілдіріледі.