
Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебі қазіргі таңда ғылымды көп қажет ететін және сұранысқа ие мамандықтарды біріктіреді. Мектеп келесі негізгі бағыттар бойынша мамандар даярлайды:
- ақпараттық технологиялар;
- электр техникасы және автоматтандыру;
- механика және металл өңдеу (медициналық инжиниринг);
- коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар.
Мектептің миссиясы: «Кәсіби ортаға табысты кіріге алатын құзыретті мамандарды даярлау үшін сапалы білім беру және ғылыми-зерттеу қызметтерін ұсыну».
Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебі білім берудің үш деңгейі бойынша білім беру процесін жүзеге асырады: бакалавриат – магистратура – докторантура.
Мамандарды даярлауда практикалық-бағдарланған тәсілді іске асыру мақсатында мектеп базасында бір орталық және екі оқу зертханасы жұмыс істейді:
- «Industrial AI» құзыреттер орталығы;
- «Ақпараттық технологиялар» оқу зертханасы;
- «Автоматтандыру және мехатроника» оқу зертханасы.
Мектеп кәсіпорындармен тығыз байланыс орната отырып, жоғары білікті мамандарға, заманауи ғылыми және оқу зертханаларына сүйене отырып, білім беру процесін үнемі жетілдіреді. Бұл түлектердің еңбек нарығында сұранысқа ие болуына және кәсіби мансабын табысты құруына мүмкіндік береді.
Соңғы өзгерістер күні:28.09.2026