Ғылыми-зерттеу жұмысы болашақ бакалаврлар мен магистрлердің іргелі ғылым, білім беру және кәсіби ортасының өзара тығыз байланысын қамтамасыз етуге негізделетін, жоғарғы оқу орнының бірыңғай білім кеңістігін қалыптастырудың басым бағыттарының бірі болып табылады.

Кафедрада жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулер:

  • ҚР БҒМ қаржыландыратын төмендегі тақырыптар бойынша:
    • Қазақстан экономикасының «жасыл өсу» принциптері негізінде жаңғыруы: аймақтық аспект (Денисова О.К.);
    • Қазақстан аймақтарының конвергенциясын зерттеу (Баталов Ю.В.);
    • Қазақстан экономикасында стандартты емес жұмыспен қамту: ауқымы, қарқыны, реттеу мәселелері (Пестунова Г.Б.);
    • Мұнай-газ саласы үшін титан өнімдерін шығару (Денисова О.К.).
  • шаруашылық келісімшарт тақырыптары бойынша:
    • Өскемен қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, өңдеу және көмуге тарифті әзірлеу (Краузе Н.В.).

Ғылыми зерттеулер негізінде профессорлық оқытушылық құрамның республикалық журналдар мен таяу және алыс шетел журналдарда ғылыми жарияланымдар көлемі артуда.

2016-2017 оқу жылы нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарында 5 мақала жарияланды:

  • 1. Marina Abikayeva, AssemOmarkozhayeva, GulmiraRakhimova, GulfiaNazyrova, Alia Kabdulsharipova. Factors in the Capacity Development of Single-Industry Towns in the Republic of Kazakhstan //Journal of Advanced Research in Law and Economics Volume VII, Issue 3(17), Summer 2016. S.464-473.
  • Ainur Y Yesbolova, Aziza T. Mergenbaeva, Gulzhanar I. Abdikerimova, Zhamilya Sh.Kydyrova, Gulzhan T. Kunafina, Mariusz Maciejczak. Issues and Prospects of Poultry Industry Development in Kazakhstan // Journal of Advanced Research in Law and Economics Volume VII, Issue 3(17), Summer 2016. S.685-697.
  • Ainur Y Yesbolova, Mariusz Maciejczak, Saltanat S. Ibraimova,  Akmaral Akhelova, Zhanar Sabdenova, Gulzhan T. Kunafina System based Development of the Poultry Sector in Kazakhstan in Mid Term Perspective //Journal of Applied Economic Sciences Volume XI, Issue 5(43), Fall 2016. S.804-811.
  • Притворова Т.П., Пестунова Г.Б., Кулов О.А. Самозанятость в Казахстане: тенденции развития и трудности идентификации //Актуальные проблемы экономики, №8 (182), 2016 г. С. 246-256.
  • Колос Е.А., Денисова О.К., Касенова А.Е. Выбор и апробация методик оценки инновационной активности: на примере предприятий Восточно-Казахстанской области // Актуальные проблемы экономики, №8 (182), 2016 г. С. 124-134.

Білім беру саласында бақылау Комитетімен ұсынылған журналдарда 13 ғылыми мақалалар және 3 монография шығарылды.



Кафедра оқытушылары шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтеді, экономикалық конгрестерге қатысады.



Кафедра зерттеулерінің материалдары халықаралық ғылыми-практикалық және ғылыми-әдістемелік конференцияларда баяндалады.



Кафедраның ПОҚ-ы IT-құзіреттілік, менеджмент және кәсіпкерлік саласында, тілдік құзыреттілік аясында жыл сайын біліктілігін арттырады. Сертификаттары бар.



«ЭКОНОМ» оқу-консультациялық орталығы студенттерге, кәсіпкерлер мен басқа да мүдделі тұлғаларға ақылы білім беру және консалтингтік қызметтер көрсету үшін ұйымдастырылған.

2014 жылдың қараша айында «Мәскеу болат және қорытпа институты» ҰЗТУ мен Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ арасындағы екі жақты «ШЫҰ Университеті аясында магистрлік білім беру бағдарламаларын желілік нысанда іске асыру туралы Келісім» жасалған.

Соңғы өзгерістер күні:
01.03.2018